• 30 мар. 2016 г.

Жас музыканттардың 50 мерейтой конкурсы


2016 жылғы 15 - 16 наурызда «Музыка колледжі – дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернаты» кешенінің залында облыс білім беру басқармасының қолдауымен Ахмет Жұбановтың 100 жылдығына арналған балалар музыка мектебі және өнер мектебінің фортепиано және хор ұжымы бөлімінің оқушылары, жас музыканттардың 50 облыстық білім беру конкурсы өтті.

Конкурс жыл сайын музыкалық білімді дамыту, тәрбиелеуде, оқыту және балаларды шығармашылық дамытуда олардың рөлін арттыру мақсатында өткізіледі.

Екі күн бойы 9 - 17 жастағы 200-ден аса қатысушы үздік орындаушы атағына атсалысты. Конкурстық жарыстарға Павлодар, Екібастұз қалалары, Баянауыл, Шарбақты аудандарынан хор ұжымдары қатысты. Конкурсанттардың өнерлерін музыка колледжі оқытушыларының құрамындағы қазылар алқасы бағалады. Конкурстық тыңдау барысында барлық жас топтарында нағыз шығармашылық сайыс қызды. Қазылар алқасының мүшелері және көрермен конкурста тамаша әсер алып, жас музыкантшылардың кәсіби, шығармашылық орындауларын тыңдады. Конкурс қорытындылары бойынша Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің жоғары сынып оқушыларының хоры конкурстың Бас жүлдесін иеленді, жетекші Ксения Владимировна Миронец, сүйемелдеуші Дмитрий Станиславович Масленников, І орында Екібастұз қаласының Глинки атындағы балалар музыка мектебінің жоғары сынып оқушыларының хоры, жеке орындаушылар арасында І орынды иеленгендер: Амина Габдуллина, Нелли Рерих, Никита Абеков, Диана Рудишева.

Қазылар алқасының мүшелері Баянауыл, Шарбақты аудандарының балалар хор ұжымдары даярлықтарының жақсы екенін атап өтті. Конкурс жеңімпаздарын дайындаған педагогтар мен сүйемелдеушілер облыс білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды. «Әрбір жаңа конкурс – бұл, ең алдымен, Қазақстанның ұлттық өнерінің дамуына үлкен үміт ұялатқан жас, талантты орындаушылардың жаңа есімдері. Конкурсанттардың орындаушылық деңгейі айтарлықтай жоғары болды. Бұл конкурс өз орындаушылықтарымен жұртшылықты баурап алған жарқын, талантты есімдерді анықтады», - деп, Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінің директоры Ольга Леонидовна Бобровская өз ойымен бөлісті.

  • новости каз
  • музыканттар

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More