1-4 наурыз күндері Орал қаласының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде және мектеп тыс жұмыс орталығының базаларында мектеп және колледж оқушыларының VІІІ жазғы Спартакиадасының шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан облыстық кезеңі өткізілді. Спартакиадаға 30 команда 180 оқушы қатысты. Спартакиаданы ұйымдастырушылар Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Өркен» ҚББО мен Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Командалық есепте шахматтан:
І орын – Ақжайық ауданы;
ІІ орын – Орал қаласы;
ІІІ орын – Казталов ауданы.
Тоғызқұмалақтан:
І орын – Бөрлі ауданы;
ІІ орын – Орал қаласы;
ІІІ орын – Жаңақала ауданы.
Дойбыдан:
І орын – Теректі ауданы;
ІІ орын – Зеленов ауданы;
ІІІ орын – Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі.



Мағжан БЕККАЛИЕВ
«Өркен» қосымша білім беру
орталығының әдіскері