Олимпиадаға 11 аудан, Орал қаласының №№21, 23, 32,14 жалпы орта білім беретін мектептері, № 35, 41 мектеп – лицейлеріі, №42 «Ақ ниет» гимназиясы, Назарбаев Зияткерлік мектебі, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернаты, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған №8 мектебі, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп - интернат кешені, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы қатынасты. Барлығы 56 қатынасушы болды.


