

9 ақпан – Қазақстан жастарының күні. Осы мерекеге орай «Ұзынкөл жастары» мен «Жан нұры» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен Патриоттық жастар форумы өткізілді. Оған № 2 Ұзынкөл орта мектебі оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысты. Форум қатысушыларына құттықтау сөзін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының төрағасының орынбасары Н.С. Булатов жолдады. Ол Қазақстанның болашағы тікелей қазақ жастарының білімділігі мен іскерлігі, белсенділігі мен Отанына деген шексіз сүйіспеншіктерімен тығыз байланысты, деді. Сондықтан жастарды бар күштерін еліміздің өркендеуіне жұмылдыруға шақырды. Форум барысында мектеп, аудан өміріне белсенді қатысып жүрген бір топ оқушылар мен мектеп қызметкерлері марапатталды.
А. АМРИНА.