• 3 февр. 2016 г.

«Бала би» шешендікке баулитын жоба


Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады. Кез-келген елді өрге жетелер оның ұлттық құндылықтары, өткені мен бүгіні. Ұлттық санамызда көнеден бері қазақ халқы сөзге тоқтау, ой шұбарлатпау және нақтылықты басты қағида еткен.

Алайда, бұл күні қоғамда, тіпті, Ұлы Абайдың кім екенін білмейтін азаматтарды жолықтырып жатамыз. Дамыған елдің қайсы бірі болмасын өткенін ұлықтайды, елінің ұлыларын қадір тұтып, қастерлейді. Өз ұлты мен тілін, ділін, өткенін өзгеден артық қояды. Міне, сондықтан олар дамушы ел саналады. Өскелең ұрпақ бойында діл мен тілді қатар сіңіріп өсіру үшін, ең алдымен ұлттық рух пен оң бағыт қажет. Сол арқылы біз қоғам мүддесін аман сақтап, егемен еліміздің болашақ от ауыз, орақ тілді азаматтарын тәрбиелеп өсіреміз.


Қазіргі таңда мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында тілді жетік меңгермеген, қазақ тілінде шұбарлап сөйлейтін жастар қауымын кездестіріп жатамыз. Осы олқылықтың орының толтыру үшін, ана тілімізді құрметтеуге үйрету, шешендік өнерге деген құштарлықтарын арттыру мақсатында М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Бала би» облыстық шешендік өнер сайысы жүзеге асырылды. Бұл жобада оқушылардың көркем сөйлеу шеберлілігін жетілдіру, тез әрі келісімді шешім қабылдауға бейімдеу, көпшілік алдында жасқанбай өз ойын айта білуге үйрету болып табылды.

«Бала би» интеллектуалдық шешендік өнер сайысы бұл күнгі қоғамда білім мен шешендікті дамыту арқылы болашақ ел зиялыларын тәрбиелеуді мақсат етеді. Байқаудың басты мақсаты қазақ тіліне деген сыйластықты тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің көшбасшыларын шешендік өнерге баулу.

Жуырда бұл жобаның іріктеу кезеңі өтіп, оқушылар арасында тілге шешен, көпшілік алдында жасқанбай өз ойын айта білетін жастар алға озып шығып, қазылар алдыңда тамаша өнер көрсетті.

Бұл сайыс туралы қазылар алқасының төрағасы Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Республикалық, облыстық көркемсіз оқу шеберлерінің жеңімпазы, ақын Айбек Оралқанов сайыс туралы өз ойын білдірді: – «Қазақ мемлекеті, жалпы әлемдік аренада өзінің кім екенің, әйгілі халық екенің паш ету үшін тілі болу керек, сондықтан ұсынылып отырған жоба оқушылардың шешендік өнерге баулып, жан-жақты қасиетін дамытады. Бұл сайыс қазіргі таңда өте қажет, уақытында дәл кезінде қолға алынып отырған іс-шара болып табылады. «Бала би» байқауын жалпы мектептерде, облыстық деңгейде қамтып, жыл сайын өткізіп отыру қажет. Ол үшін мектептегі тіл мамандары, жан жақты мағлұмат беру керек. Қазақ ақыл-ойының жемісі, мақал-мәтелдердің көркін, шешендік сөздерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, мирас етіп қалдыру бұл қазіргі заманның басты талабы болып табылады».

Егемен еліміздің алдында тұрған көп міндеттердің бірі – жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, тілді құрметтеуге баулу, өз Отанының патриоттарын өсіру. Сондықтан осындай шешендік өнеріне баулитын жобалар болашақ жастарымызды текті де білімді, шешен де алғыр екенің күллі әлемге танытайық !


М.Катаев атындағы облыстық

Оқушылар сарайының әдіскері

А.Аипова, Д. Жаканова

  • новости каз
  • ұрпақ_ісшара
  • ерлік
  • балаlife каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More