Бүгін Оқушылар сарайында Халық қаһарманы, полковник, Қазақстанның 3-і ғарышкері Айдын Айымбетов оқушылармен кездесті. Кездесу барысында ғарышкер "АСЫЛ АРМАН" қысқа метражды фильмінің тұсауын кесті. Айта кететін жайт бұл фильмге ғарышкердің өзі де түскен болатын. Фильм соңында өз ойын түйіндеген Айдын Ақанұлы бала кезіндегі арманы есіне түсіп толқығанын жеткізді. Кездесу соңында ғарышкерге және Ғарыш комитетінен келген қонақтарға фильм табысталды. Сонымен қатар фильмге түскен актерлар мен фильмнің режиссерімен естелік суретке түсті.
P.S Айдын Ақанұлы мені өзінің жаңа жобасына шақырды. Ғарыштан келген өзінің бейнематериялынан алдағы уақытта жаңа деректі фильм шығарамыз деген ойдамын.