• 22 янв. 2016 г.

Қосымша білім беру ұйымдарының басшыларымен Республикалық Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізу туралы

ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының бастамасы бойынша 2016 жылдың 21-қаңтарында Екібастұз қаласында қосымша білім беру ұйымдарының басшыларымен Республикалық Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Кеңес отырысының жұмысына заңнама өкілдері мен атқарушы органдардың өкілдері, ҚР білім және ғылым, әділет министрліктерінің, инвестиция және даму бойынша өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Республикалық Үйлестіру кеңесінің аясында ғылыми-техникалық шығармашылық мәселесі бойынша дөңгелек стол отырысы және әлеуметтік- педагогикалық бағыттағы семинар өткізілді.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына барлығы 120-дан аса делегат қатысты.

Мына мәселелерді талқылауға баса назар аударылды:

- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея мен «Ұрпақ+» жобасы тұрғысында қосымша білім беру мазмұнын жаңғырту;

- әкімдіктермен бірлесе отырып, мектептен тыс ұйымдардың желілерін дамыту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік есебінен балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау ;

- сабақтан тыс уақытта кәмелетке толмағандардың бос уақытын толық қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-бағдар беру бағдарламасын әзірлеу қажеттігі туралы.

Сонымен қатар балалардың тұтынушылығы мен құқықтарын қанағаттандыруға бағытталған қосымша білім беру жүйесін дамыту мәселесі қаралды.

Үйлестіру кеңесінің қатысушыларымен қорыту ұсыныстары жасалды.

Кеңейтілген отырыс жұмысы барысында семинарға қатысушылар білім және өндіріс нысандарын аралады, Екібастұз қаласы қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерімен орындалған жұмыстардың көрмесің тамашалады.




http://ekbgoo.gov.kz/

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More