
2016 жылғы 21-22 қаңтар күндері Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы республикалық үйлестіру кеңесінің «Қосымша білім беру заманауи әлеуметтік мәдени жағдайда балалардың әлеуметтік бейімделуі және өзін-өзі кәсіби жағынан анықтауын қамтамасыз ету факторы ретіндегі жүйе» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтуде. Отырыстың бірінші күні, 2016 жылғы 21 қаңтарда ғылыми-техникалық шығармашылықты дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған заң және атқарушы үкімет, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, әділет, инвестиция және даму министрліктері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, техникалық бағыттағы білім беру ұйымдары басшыларының республикалық үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты. Үйлестіру кеңесінің отырысын ҚР БҒМ республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Петровна Шер жүргізеді. Семинар-мәжіліс қатысушыларын Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары Мариям Дәулетбекқызы Адасбаева және Павлодар бизнес колледжінің директоры Ермек Уахапұлы Капенов жылы шыраймен қарсы алды. «Kazdidas» қауымдастығын басқару төрағасы Валерий Романович Лебедев қосымша білім беру ұйымдарын робот техникасы өнімдерімен жарақтандыру бойынша «Kazdidas» қауымдастығының міндеттері туралы айтып берді. «ҚазРоботикс» білім беру және спорттық робот техникасының қазақ федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Айжан Ахмеджанқызы Жекеева робот техникасы бойынша федерацияның қызметі жөнінде таныстырды. Ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беру ұйымдары директорларының үйлестіру кеңесінің төрағасы Александр Александрович Пашкевич техникалық шығармашылық және құрастырудың республикалық жарыстарының оқушылардың шығармашылығын дамытудағы рөлін сипаттады. Дөңгелек үстел жұмысының барысында Қарағанды облысының білім беру жүйесінде робот техникасының дамуы, Ақтөбе облысының «Ауылдық жерлердегі робот техникасы» үйірмесінің жұмысын ұйымдастыру, Ақмола облысының «3D - печать» пилоттық жобасының іске асырылуы туралы баяндамалар тыңдалды. Дөңгелек үстелдің екінші бөлімінде бағдарламалауда робот техникасын қолдану бойынша студенттік волонтерлік жасақ өзінің шығармашылық жұмысының тұсаукесерін жасады. Қатысушылар үшін Екібастұз қаласының өнеркәсіп кәсіпорындарына экскурсия ұйымдастырылды: «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Промммашкомплект» ЖШС. Сарайлар, оқушылар сарайының оқу-әдістемелік орталықтары, балалар шығармашылығы орталықтарының басшылары үшін «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде білім беру және бос уақытты қамту орталығының жұмыс тәжірибелерін әлеуметтік-педагогикалық бағыт және талдап қорыту бойынша семинар өтті. Республикалық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Татьяна Всеволодовна Казарина семинар модераторы болды. Семинарда туристік-өлкетану қызметі арқылы білім алушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру, кәсіби бағыт-бағдар, заманауи білім беру саясаты жағдайында қосымша білім беру мәселелері талқыланды. «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені және М. Глинки атындағы музыка мектебі, қалалық балалар көркем сурет мектебінің педагогтары шеберлік сағаттарын өткізді. Семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.
http://edupvl.gov.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=3529:ekibast-z-alasynda-y-respublikaly-seminar-zh-ne-d-gelek-stel-zh-mysy&catid=20&Itemid=262&lang=kz