«Адамды қалыптастыратын екі нәрсе бар, –
бірі оның не оқитыны,
екіншісі оның кіммен сөйлесетіні».
ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаев.
«Bookdating» қозғалысына балалар мен жастарды тарту
2015 жылғы 23 желтоқсанда Астана қаласында «BookDating» кездесу өткізілді. Аталған кездесуге басты қонағының бірі ҚР Мәжіліс депутаты Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлы қатысты.
Ұйымдастырушы - «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Берілген жобаның мақсаттары: қалалардағы интеллектуалды қауымдастықты нығайту, отандық әдебиетшілерді қолдау, оқуға міндетті кітаптардың өзінің жеке нұсқасын шығару, кітап әуесқойларының бірегей сұхбат алаңын жасау.
Жоба елімізде халық арасында кітап оқу мен өздігінен білім алуды таратуға бағытталған.
Кітап әуесқойларының кездесулер ай сайын өтеді.
Спикерлер өздерінің сүйікті кітаптары немесе «өмірлерін өзгерткен» кітаптары туралы айтады және өздерімен бірге алып келеді.
Формат бойынша іс-шара екі бөлімнен тұрады. Әр қонаққа оның дүниеге көзқарасын өзгерткен сүйікті үш кітабымен таныстыруға 15 минут беріледі. Екінші бөлімде қонақтар бір-бірімен кітап алмасады. Осылайша, кітаппен келген әрбір қатысушы кездесуден кейін оқуға кеңес берілген басқа бір кітаппен қайтады.
