
2015 жылдың 15 – 18 желтоқсан күндері Текелі қаласы БЖТ және ӨО – да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Талдықорған қаласының мүмкіндігі шектеулі мектеп – интернаты оқушылары арасында туристік – көпсайыстан жарыс өтті
Жарыстың бірінші күні БЖТ және ӨО – ның үйірме жетекшілері және үйірме қатысушылары интернат оқушыларын жартаста жұмыс істеуді, туризмда пайдаланылатын арқан байламдарын дұрыс қолдануды, компаспен азимутты табуды үйретті.
Екінші күні жарыс басталып кетті.жарыс бағдарламасына: команданы таныстыру, жеке және командалық жарыс болды.
Жарыс соңында жарыс жеңімпаздары анықталып мадақтама грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қалған қатысушылар белсенді қатысқаны үшін грамоталармен және бағала сылықтармен марапатталды.
Жарыстан кейін қатысушылар Будда тасына экскурсия жасады.

