Облыстық балалармен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Скалодром» залында тау туризмі техникасы насихаттау, техникалық және тактикалық спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2015 жылдың 17-20 қараша аралығында Тау туризмі техникасынан академик Т.Қ.Жездібаевты еске алуға арналған облыстық жарыс өтті. Жарысқа жалпы 14 команда қатысты, барлығы 70 адам. Командалар «Жеке», «Техникалық», «Байлам» қашықтықтарынан бақ сынасты.
«Жеке» қашықтығы бойынша:
1 орын Тасқала ауданы;
2 орын Ақжайық ауданы;
3 орын Бөрлі ауданы.
«Техникалық» қашықтығы бойынша:
1 орын Ақжайық ауданы;
2 орын Тасқала ауданы;
3 орын Жәнібек ауданы.
«Байлам» қашықтығы бойынша:
1 орын Жәнібек ауданы;
2 орын Ақжайық ауданы;
3 орын ОБЖТжЭО «Ксинт» тобы.
Жалпы командалық есеп бойынша:
1 орын –Ақжайық ауданы;
2 орын – Жәнібек ауданы;
3 орын – Тасқала ауданы командалары жүлделі орындарды бөлісті. Жарыс қашықтықтары техникалық жағынан күрделеніп, өте тартысты және тартымды өтті.





