Ел мерейін асқақтатар мерекелеріміздің бірі әрі бірегейі ол – тұңғыш Президент күні. Әлемнің өркениетті елдерінде ғана атап өтілетін айтулы күнге Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебі қызу дайындалған болатын.
Мектептегі қабырға газетттері сайысы, дөңгелек үстел, тәрбие сағаттарынан бөлек 8-9 сыныптар арасында 2015 жылдың 26 қараша күніне ұйымдастырылған «Елбасы – ел тірегі» зияткерлік сайысы жоғары деңгейде өтті. 5-кезеңнен тұратын сайыстың әр кезеңі ел тарихымен, Елбасы өмірімен тығыз байланыста еді. «Тәуелсіздік шежіресі» алғашқы айналымында тәй-тәй басқан Қазақ тарихының айтулы даталары жасырылса, екінші кезең «Бәйге» Елбасы өмірі мен қызмет жолына арналды. Президент арманынан туған Алаштың астанасы – ару қала да сайыстан тыс қалмады. Оқушылар экранда жасырылған қаланың әсем ғимараттарының атауын ғана емес, мемлекеттік маңызын түгел дерлік білетіндіктерін дәлелдеді, бесінші кезеңдегі ел басқарудағы заң нормаларынан да сүрінбей өтті.
Қазақ даналығы ғасыр бұрын «Басшысы болмаса ел жетім» деген. Еуразия жүрегіндегі бейбітшіл де қуатты мемлекеттің әлем мойындаған көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен сарабдал саясаты тарих үшін: ұлағат, өнеге, жол көрсетуші.





