
2015 жылдың қазан айының аяғында Халықаралық қарттар күніне орай Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығында үлкен шара өткізілді. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы ардагерлеріміздің арқасы деп есептейміз. Міне, енді бүгінде қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз Ардагерлерімізге Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығына, «Евразия» ТСК-е, «Самал» ТЛ-е экскурсия ұйымдастырылды. Ардагер-зейнеткерлерімізді Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі орталығының директоры В.Фомин құттықтап, орталықты өркендетуге өздерінің қажыр-қайратын жұмсап ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алатындығына, соның нәтижесінде Орал өңіріндегі балалар-жасөспірімдер туризмі республика бойынша алдыңғы қатарда екендігін тоқталып дендеріне саулық, ұзақ өмір тіледі. Ардагерлер осы шараға орайлас өткізіліп жатқан «Жайық-Урал» экологиялық экспедициясының қорытынды жабылу салтанатына қатысып, сөз алған ардагер Алима Турина және басқа да ардагерлер өздері қызмет еткен жылдардағы еңбектері жайында баяндап, қазіргі уақыттағы ОБЖТжЭО-ы қызметінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жоғары деңгейде екендігіне шын жүректен қуанатындықтарын жеткізіп, осы шараны ұйымдастырған басшылыққа және орталықтың қызметкерлеріне қошемет көрсетіп шақырғандарына алғыстарын білдірді және жас өрендерге Отанын, елін, жерін сүйетін, көркейтетін, саналы азамат болуына, оқуда озат болып, қазіргі заманға лайық патриот болуларына шын жүректен тілектерін білдірді, шара соңында ардагерлерге ескерткіш - сыйлықтар табысталды.



