
Оңтүстік Қазақстан обл, Кентау қаласы Ататүрік атындағы №4 мектеп – лицейі
Технология пәнінің мұғалімі Исабеков Болат Керимшеевич
Биылғы (2015ж) Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты оқушыларға патриоттық сезімді баулу мақсатында қазақ батырлары киген дулығаны оқушылармен бірігіп жасадық. Оны кәдімгі пластикалық ыдыстан (баклашкадан) жасадық. Ең дұрысы, ыңғайлысы, ұқсап келетіні - 2л. сыйымдылығы бар пластикалық ыдыс. Оныңда ішінен дулығаға ұқсайтынын таңдау керек.
1. Ыдыстың дулығаға ұқсайтын жерінен кесіп алып, су құятын жеріне астыңғы кесіп алып тастанған жағынан кесіп, шиырып желімдейміз, сонда конус тәріздес дулығаның төбесі дайын болады.
2. Дайын болған дулығаның төбесін пластикалық ыдыстың су құятын жеріне желімдейміз. Дулығаның әшекейлерін әр түрлі етіп жасауға болады. Біздің жасаған әшекейлеріміз былғарыдан, аттың қылынан, шашпалы баулардан және әр түрлі моншақ тастардан тұрады.
3. Былғарыны кесіп дулығаның арт жағына желімнің көмегімен жабыстырамыз. Осы жерге былғараның орнына жіптермен тоқып (макраме) желімдесе де болады.
4. Аттың қылын дулыға төбесіндегі шошақтың ішіне желімдеп кіргізіп қоямыз. Әр түрлі моншақ тастарды дулығаның жарасып тұрған жерлеріне жапсыруға болады.
Осылай шашылып жатқан пластикалық ыдыстарды қол өнер бұйымы ретінде қолдануға болады. Оны жасарда оқушыларға дулыға жайлы, шығу тарихы жайлы, оның әр жерлерде әр түрлі болатынын айтып, көрсетіп отырса, балалардың ойлау қабілетін, әшекейлеудегі фантазиясын арттырады. Оқушылар осы жұмысқа кіріскенде бөлме ішіне естілетіндей етіп баяу үнмен домбыра куйлерін қоямын. Ол оқушылардың бойына патриоттық сезімдерді сініріп, оларды ұлтжандылыққа баулиды. Әр сабақта осылай бойына бала кезінен бастап ұлтжандылық рухын, адамгершілікпен ізгіліктің нәрін сеуіп отыру керек.

