• 12 окт. 2015 г.

Новосібір жұлдызды аспаны астыңда


2015 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономия үйірмесінің командасы X Сібірлік астрономиялық форумында болып қайтты. Павлодардан келген алты адамнан тұратын «Антарес» астроүйірмесі, астрономдарға арналған Сібірлік форумда Қазақстаннан келген алғаш топ болды. Бұл командаға енгендер Дамир Бекбаев, Данияр Мұхтарханов, Әділ Қайрден, Лаура Макишева, Данил Голубев, Артем Шишкин және «Антарес» үйірмесінің жетекшісі Гүлнар Қайырболатқызы Баубекова еді. Сібірлік астрономиялық форум жыл сайын 2006 жылдан бастап Новосібір маңында «Чкаловец» сауықтыру лагерінде Обский теңізінің жағасында өткізіледі. Бұл форум Новосібір қаласының әкімдігінің «Швабе қорғау» АҚ, Сібір геологиялық жүйесі мен технология мемлекеттік университетімен қоса өткізіліп отырған іс-шара. Өткен жылдағы форум секілді, осы жылғы форум да қыркүйек айында өткізіліп отырғаны кездейсоқ емес. Қыркүйек айының ортасы ауа райының жылы мезгілі, қараңғы түндер кезі астрономиялық бақылауларға арналған өте қолайлы уақыт. Форумның басты мақсаты астрономияның қоғамдық маңыздылығын көрсету, оқушыларға кәсіби бағдарға көмек беру, космос туралы ғылымда заманауи жетістіктерді талқылау. Аталмыш форумға қатысқан павлодарлық балалар үшін әуесқойлық астрономияны зерттеу ынталарын аса көтерді. Сібірлік астрономиялық форумның ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Антарес» үйірмесінің тәрбиеленушілеріне жаңа телескопты сыйға тартты.

  • эврика каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More