




Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының 07.09.2015 жылғы №1111 бұйрығының негізінде 2015 жылғы 16-18 қыркүйек күндері ОҚО, Шымкент қаласы, Төлеби ауданы «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығы» МКҚК базасында жас ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, ақыл-ой санасын салауатты өмір салты негізінде қалыптастыру, оқушы назарын туған өлкенің экологиялық проблемаларына аудару мақсатында «Менің денсаулығым-менің болашағым-менің экологиям» атты облыстық 3 күндік жас экологтар слеті өткізілді.
Слетке облысымыздың 10 ауданы мен 4 қаласынан жалпы орта білім беретін мектептер мен мектептен тыс мекемелердің 8 сынып оқушыларынан (әр команда да 5 оқушы, 1 жетекші) 14 команда қатысты.
Слетке қатысушы командалар 5 бағыт бойынша сайысқа түсті:
«Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі» командалық презентация және үгіт-насихат тақырыбындағы түрлі жанрдағы көріністер.
«Білгір эколог» экологиялық лабиринт.
«Экология және біз» экологиялық соқпақ.
«Дені саудың – жаны сау» спорттық-туристік эстафетасы.
«Денсаулығы ғаламның – амандығы адамның» салауатты өмір салтын қалыптастыру интеллектуальдық марафон.
Оқушылардың өнері мен білімін арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы қатарында дәрігерлер, эколог мамандар, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, қоғамдық бірлестік директоры, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, кәсіби турист мамандары болды.
Үш күнге созылған слет барысында жас экологтардың белсенділігі мен жеңіске деген ұмтылысы ерекше байқалды.
Биылғы слет «Экология және біз» экологиялық соқпақ, «Білгір эколог» экологиялық лабиринт, «Денсаулығы ғаламның – амандығы адамның» салауатты өмір салтын қалыптастыру интеллектуальдық марафон бағытының
тапсырмалары, танымдық ойындары жаңашылдығымен, қатысушылардың қызығушылығын арттырумен ерекшеленді.
Жеңімпаз командалар облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының дипломдары мен арнайы сыйлықтарымен, жеңімпаз команда дайындаған жетекшілер дипломдармен марапатталды.
Іс-шара барысы БАҚ-на жарияланып, телеарна жаңалықтарынан көрсетілді.
Облыстық «Экологиялық орталық» МКҚК директоры
Қамытбекова Ұлжан Жайлауқызы