2015 жылдың 7 қыркүйегінде футболдан дәстүрлі «Coca-cola Былғары доп» турнирі бастау алды. Турнирге 2001-2002 жылы туылған жас футболшылар қатысады. Үлкен жастағылар тобында елорда мектептерінен 50 команда өзара жарысады. Жарыстар қала мектептерінің үздік футбол алаңдарында өткізілмек. Турнирді өткізуге жалпы басшылықты «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы жүзеге асырады. Аталмыш турнир «Барсиада – мектеп лигасы» бағдарламасының аясында өткізілуде. Топтар арасындағы ақтық кезеңнің қатысушылары келер жылдың көктемінде Республикалық кезеңге жолдама иегерін анықтайтын болады.


