1–қыркүйекте техникалық шығармашылық орталығында «Жарқын болашақ» тақырыбы аясында №12, 20, 21, 35, 38 қала мектептерінің оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөгелек үстелде еліміздің өркендеуі үшін жастар арасында қандай мәселені көтеру қажеттігі, оның шешу жолдары, мемлекет тарапынан ескерілетін жайттар, жастар міндеттері туралы ойлар білдірілді.
Сонымен қатар орта мектептерде білім сапасын арттыру үшін оқушылар арасында жиі жарыстар өткізіп, сондай-ақ жарыс ақпараттарын интернет желісінде жариялау арқылы қоғамда пікір таластың қалыптасуына ықпал жасау керектігі айтылды.
Бұл дөңгелек үстелде қоғамда бел алған түрлі мәселелер бойынша ой-пікірлер өзара тыңдалып, оқушылардың өзіндік көзқарастарының қалыптасуына септігін тигізді деп ойлаймыз.


