26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Мен қалайтын әлемімдегі ғажайыпқа толы балалық шағым!» тақырыбында 2015 жылдың 22-26 маусым аралығында апталық өткізілді.
Апталықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес «Нұртамшы», «Таңшолпан» балалар қоғамдық бірлестіктері Құрманғазы, Исатай аудандары орталықтарында акциялар ұйымдастырды.
Барлық қала және мектеп жанындағы лагерлерде оқушыларды салауаттылыққа тәрбиелеу бағытында көптеген шаралар ұйымдастырылды.
26 маусым күні «Біз – еліміздің болашағы» (Ең үздік наркобекеттер байқауы) облыстық байқауы өткізілді. Облыстық шараға байқаудың қалалық, аудандық кезеңдеріне қатысып, жеңімпаз атанған командалар қатысты. Байқау турларында командалар мектепішілік наркобекет топтарының презентациясын, «Наркобекеттің 1 күндік жұмыс кестесімен» таныстырып, нашақорлықтың алдын алу бағытында өткізген бір шарасынан репортаж немесе бейнеролик (тележоба) дайындап, көрсетті. Бас жүлдені – Исатай ауданының командасы жеңіп алды.

