

2015 жылдың 23-25 маусымында Жамбыл облысы Тараз қаласының № 85395 әскери бөлімінің негізінде Қазақстан халқына махаббаты мен адалдығының, аға буынының даңқты жауынгерлік, еңбек дәстүрлерін сақтаудың және көбейтудің, зандылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудың негізінде жастарды өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментінің ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістін 70 жылдығына арналған мектеп оқушылары арасында Республикалық ақтық «Жас Ұлан» әскери спорттық ойыны өткізілді.
Шараға республиканың 14 облысы мен Алматы және Астана қалаларынан 128 оқушы қатысты.
Алматы облысынан ақтық ойынға Көксу ауданының Р.Толқынбекұлы атындағы орта мектептің АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Нұртазинов Айдос Айтмухамедұлы жетекшілік еткен «Айбын» командасы қатысты.
Ақтық ойын келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. Команда өзін-өзі таныстыру (туған өлкені, салт-дәстүрлерді еркін шығармашылық түрде таныстыру);
2. «Тосын сый» (ұйымдастыру комитетінің алдын ала дайындаған тапсырмасын орындау);
3. «Біздің көшеде батыр тұрады» атты тарихи-өлкетану зерттеулік проектісін қорғау (Ұлы Отан соғысының ардагері немесе еңбек ардагері туралы үй жұмысы);
4. Саптық дайындық;
5. Оқ ату дайындығы;
6.Әскериленген кросс;
7. Кермеге тартылу;
8. Денесін жерден көтеру;
9. Жүзу (эстафета).
Номинациялар бойынша Көксу ауданының «Айбын» командасы 5 алтын және 1 қола медалімен марапатталды. Ойынның қорытындысы бойынша жалпы командалық 1-орынды Алматы облысы, 2-орынды Алматы қаласы және 3-орынды Қарағанды облысы иеленді.