2015 жылғы 12-13 маусым күндері Павлодар қаласында Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы өтті. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Павлодар облысы әкімдігінің қолдауымен іс-шара ұйымдастырушылары болып табылады. Павлодар қаласына республиканың 14 облысынан техникалық шығармашылық бойынша жарыстардың жеңімпаз командалары келді, 128 оқушы әуе, зымыран, авто және кеме модельдеу және робототехникада жарысты. Екі күн ішінде мастер-класс жүргізетін педагогтар өз қолдарымен жасаған модельдерге демонстрациялау бойынша командалық жарыстар, шығармашылық конкурстар өтті. Жарыстың 5 түрінің нәтижелері бойынша: Ақтөбе облысының командасы - І орын, ІІ орын – Ақмола облысы, ІІІ орында Қостанай облысының оқушылар командасы иеленді. М.Катаев атындағы оқушылар сарайында салтанатты жабылуында барлық қатысушыларға республикалық қосымша білім беру орталығының сертификаттары берілді, жеңімпаздарға медалдар, Дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
