Мақсаты мен міндеттері:
Ұлы Отан соғысы кезіндегі аталарымыз бен әкелеріміздің ерлігін құрметтеу;
Жас өспірімдерді әскери-қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға, өз денсаулықтарына күтім жасауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау;
Мектеп оқушыларын Отансүйгіштікке, Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Жарысты ұйымдастыру мен басшылық жасау:
Алматы облысының білім басқармасы мен Алматы облыстық білім басқармасының Дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық өңірлік оқу-әдістемелік орталығы, Алматы облыстық қорғаныс істер жөніндегі Департаменты, Алматы облыстық Қарулы Күштер ардагерлері мен Ауған соғысы ардагерлері қауымдастық орталықтары.
Жарыстың өтетін орны мен мерзімі :
Жарыс кезең кезеңімен өткізіледі:
Бастапқы кезең – аудандық (қалалық). 2015 жылдың 27-30 сәуірге дейін өткізіп, ақтық (финалдық) жарысқа қатынасатын жеңімпаздарды анықтау;
І-ІІ кезең - Жарыстар жарыс түрлері бойынша 2015 жылдың мамыр айының 5-6 күндері Талдықорған қаласындағы №25 өтіледі. Марапаттау рәсімі 2015 жылдың мамыр айының 6-ы күні, орталық алаңда салтанатты түрде өткізіледі.
Жарысқа қатынасушыларға қойылатын талаптар:
Жарысқа әр аудан (қала) командалары жетекшісімен 15-17 жастағы 9-11 сынып оқушыларынан
10 адамнан құралады (1 командир, 7 ер бала, 2 қыз бала +2 бала дейін резервке рұқсат етіледі.) жіберіледі.
Әскериленген киім, бас киіммен, біркелкі аяқ киім, сол білекте команда аты көрсетілген шеврон.
Аты-жөні жазылған бейджик. Жарыс өткізуге 1 күн қалған уақытқа дейін жарысқа қатынасу
туралы тапсырыс пен бірге аудандық (қалалық) білім бөлімі мен мектеп директорының бұйрығы, мөрі мен медициналық қызметкерлердің рұқсат белгісі қойылған қағазы өткізілуі талап етіледі.
Тапсырыс электронды почтаға немесе факс арқылы қабылданады.
Жарысқа тапсырысы (соңғы мерізімі мандаттық комиссия уақыты):
Жарысқа қатысу үшін төменгі құжаттарды тапсыруы тиіс:
- Сұраныс, дәрігердің рұқсаты, мекеменің мөрі, өмірлерін сақтандыруы;
- Оқушылар туралы мектептің анықтамасы, суретімен, мөрленген;
- туу туралы куәлік (көшірмесі), 16 жастан жоғарғыларға жеке куәлік(көшірмесі);
- жарысқа қатысушылардың толық тізімі және өмірі мен денсаулығына жауапты адам көрсетілген мекеме бұйрығы;
- Жарыс реті жеребе тастау арқылы анықталады;
- Жарысқа қатысты құралдармен жарыс ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді.
Салтанатты ашылуы. Мемлекеттік туды енгізу. Құттықтау.
Жарыс бағдарламасымен таныстыру.
Өтілу мерізімі: 5 мамыр күні сағат 09.00
Өтілу орны: №25 ОМ
І кезең. Әскери-қолданбалы спорттың түрлері:
1. Пневматикалық мылтықтан ату. №1 жарыс орны.
Мерізімі: 05.05.2015ж. Басталу уақыты: 10.30
Қатынасатындар: 5 оқушы (3 ұл, 2 қыз). Әскериленген киімде, бас киіммен, бейджиктер тағылған. Нысана №7 мишень, әр қатынасушы 5 оқ, 2-уі тексеруге, 3 оқ есепке. Ату орнынан нысанаға дейінгі қашықтық 10 метр. Ату далада «Отырып ату» жағдайында орындалады. Үздік көрсеткішке жеткен оқушының нәтижесі іріктеліп алынады. Ату алаңында қауіпсіздік ережесін бұзған команда жарыстан шығарылады.
2. Жалпыәскерлік қорғаныс жиынтығын кию (ЖҚЖ - ОЗК). №2 жарыс орны.
Қатынасатындар: 2 оқушы. Әскериленген киімде, бас киімсіз. ЖҚЖ кию. «Сулық жеңімен, шұлық, қолғапты ки, Газ!» («Плащь в рукава, чулки, перчатки надеть, ГАЗЫ!») әмірінің берілуі бойынша басталады. ЖҚЖ ұрыстық жағдайда. (Арқада таңулы.) ЖҚЖ кию плащь түрінде (яғни команда берілісімен, бауды тарту арқылы: 1 - плащтың жеңін, 2 - газтұтқыш, 3 - шұлық, жібі белдікке ілгек түрінде байлайды да түймелері салынады, 4 -плащь бас киімінің алқымынан бастап, белгісі бар 6 түймеге дейін салынады. 5 - қолғабы киіліп, бір адым алға, қолды көтергенен кейін уақыт тоқтатылады). Үздік көрсеткішке жеткен оқушының нәтижесі іріктеліп алынады. Қатысушыларға ұл бала, қыз бала деген шектеу қойылмайды. Әрбір жіберілген қатеге 3 секунд айып қосылады.
3. Калашников автоматын (АК-ны) толық емес бөлшектеп, жинау. №3 жарыс орны.
Қатынасатындар: 3 оқушы (2 ұл + 1 қыз). Әскериленген киімде, бас киіммен. АК-ны бұзу столдан 1м.қашықтықта тұру арқылы - «Назар сал, БАСТА!», («Внимание, Начали!») әмірімен бастайды. Автоматты (АК-ны) толық емес бөлшектеп - жинау – эстафета түрінде, 1-шісі бөлшектеп-жинап, 2-шіге қол береді, ары қарай тоқтаусыз 3-ші қатысушы ұңғы бастырмасының газ түтікшесін алып қойып сызықтан өтісімен уақыт тоқтатылады.. АК бұзу кезінде тежегіш компенсатор алынбайды.
4. Ер балалар -Кермеге тартылу. (Қыз балалар – жерде шалқалап жатып, денесін көтеру). №4 жарыс орны.
Қатынасатындар: 10 оқушы (8 ұл, 2 қыз). Әскериленген киіммен, бас киімсіз. Кермеге тартылу - тартылу белтемірін мығым, қапсыра ұстау арқылы (алақаны белтемірді сыртына қарата ұстап), «салбырап тұру» жағдайында орындалады, тартылуды жарысқа қатынасушылардың бәрі орындайды, тартылып болған соң жалпы сандары қосылып есептелінеді. Тартылу кезінде таза, иек белтемірден асуы, қол буындарының толық созылуы, аяқ буындарының бүгілмеуі қажет (тербеліс пен серпіле тартылуға тыйым салынады, тартылу дұрыс болмаған жағдайда төреші есепті тоқтатуға құқылы). Қыз балалар шалқасынан жатып, екі қолын желкесіне қойып денесін көтеруді бастайды, көтеру кезінде қолын босатпау, тізесі бүгілмеуі қадағаланады. Жеке қатынасушының үздік көрсеткіші де ескеріледі. Ұпайлар қосылып, командалық орын анықталады.
5. Граната лақтыру. №5 жарыс орны.
Қатынасатындар: 10 оқушы (8 ұл бала +2 қыз бала). Әскериленген киіммен.. Ер балалар салмағы – 700 гр. 20 метрден, қыз балалар салмағы – 500 гр. 15 метрден гранатаны лақтырады. Граната лақтыру нысанасы – «Танк», өлшемі, тік төртбұрыш ені 2м, ұзындығы 7м. Әр қатысушы 2 рет лақтырады, жақсы көрсеткіші есепке алынады.


Қорытындысы мен кезеңдер бойынша бағаланудың ережесі.
Жалпы командалық қорытынды үш кезеңде жиналған ұпай саны бойынша шығарылады.
Марапаттау.
Жеңімпаз командалар дипломдар, құрмет грамоталары және кубоктармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады және «Ең мықты кермеге тартылушы», «Жүзден жүйрік», жылдам ОЗК киген, «Мерген жігіт», «Мерген қыз», АК-74 бөлшектеп жылдам жинаған қатынасушыға «Епті қыз», «Епті қыз», Граната лақтырудан көп ұпай жинаған командаға «Нағыз әскери команда», «Үздік командир», «Үздік сапдық даярлықтағы команда», Саптық шерумен өткен, «Үздік саптық ән» номинациялары бойынша марапаттаулар жасалады.
Ескерту. Жарыс талаптарынан тыс қосалқы өз беттерінше әрекет жасаған, ережеде жоқ амалдар жасамақ болған командалардан әр әрекеті үшін 10 ұпай алынып тасталады. Командирлердің беретін пәрмендері (әмірлері, командалары) мемлекеттік тілде және ҚР ҚК Әскери жарғысы шеңберінен аспауы қажет. Орынсыз және дәлелсіз төреші шешіміне қарсы келген командадан 20 ұпай шегеріледі.
Әр жарыс түрі бойынша бағалану:
Әр спорт түрі жеке есептеме бойынша саналады да, барлығының қосындысы бойынша сол күнгілердің орындары анықталады. Жалпы ұпай қоюда 1 орынға – 35 ұпай, 2 орынға –30 ұпай, 3 орынға – 25 ұпай, 4 орынға -22, 5 орынға – 19, 6 орынға – 16, 7 орынға – 15, , 8 орын – 14, 9 орын - 13, 10 орын -12, 11 орын – 10, 12 орын -9, 13 орын –8, 14 орын – 7, 15 орын –6, 16 орын –5, 17 орын – 4, 18 орын – 3, 19 орын – 2.