Өскемен қаласының 70 оқушысы «Жас Ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды.
Мұнда қала мектептері мен мектеп-интернаттарының үздік оқушылары, әр түрлі олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздары жиналды. Тағы қала мектебінің 2000 оқушысы 2015 жылғы мамырдың 02-15 аралығында «Жас Ұлан» қатарына өтті.
Республикалық ұйымның қатарына қабылданған Жасұландықтарды құттықтауға білім беру бөлімінің ардагерлер кеңесінің өкілдері келді.
«Аға буын жас ұрпаққа үлкен үміт артады және ел болашағын сеніп тапсырады» - деді ардагерлер ұйымының мүшесі Шакенова Модера Жосдаспековна.
Мен өзімді үлкен бір ұйымның бір бөлігіндей сезінемін. «Жас Ұлан» менің болашағыма айтарлықтай әсерін тигізетіне сенімдімін – деді № 10 мектеп-гимназияның оқушысы Киселева Наталья.
Айтатын болсақ, мұндай оқушыларды «Жас Ұлан» қатарына қабылдау шаралары еліміздің барлық аймақтарында бір мезгілде өткізілді.


