





14-18 сәуірде Көкшетау қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі базасында қосымша білім беретін мұғалімдер, көркемсурет мектептердің, өнер мектептерінің мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары үшін «Қосымша білім беру ұйымдарында композицияны оқыту технологиясы» тақырыбында республикалық біліктілікті арттыру курсы өтті.Курсты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып өткізді.
Курс жұмысы жиналған топты өзара таныстырып топтасытыру мақсатында психологиялық тренингтен басталды. Тренингті «Көкше» академиясының профессоры, психологиялық ғылымдардың кандидаты Марс Субханкулов өткізді.
Алғашқы күннен бастап курс тыңдаушылары мектептің тәжірибелі педагогтары дайындаған шеберлік сыныптар жұмысына кірісіп кетті. Балалар көркемсурет мектебінің педагогтарыЖелобковаЮлияВладимировна, Булгакова Наталья Андреевна, Ибраев Ержан Амангельдинович, Соловьева Татьяна Александровна Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшелері болып табылады.
Жеке тұлғаның әлеуетін анықтау мақсатында баланың шығармашылық ойын белсендіру, мектептің интерьері мен экстерьерінің эстетикалық күйін жақсарту, оқу процесінде заманға сай техникалық құралдарды қолдану – курс тыңдаушыларын толғандыратын мәселелер.
Декоративтік-қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптарда оқушылар авторлық қуыршақ жасаудың кезеңдері мен қыр-сырымен танысып, тұрмыстық заттарды декупаж тәсілімен әсемдеуді үйренді, сулап киіз басу әдісімен бұйымдар жасап көрді, боди-арт ғажайып өнерін тамашалап қабыл алды. Тыңдаушылар портретті майлы бояулармен салу, натюрмортты гуашьпен салу өнерімен кескіндеме шеберлік сыныптарында танысты, сонымен қатар, өздері пастель және гуашьпен шығармашылық композициялар жасап шығарды.
Тыңдаушылар Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, кескіндеме мен графика көрмесін тамашалады.
Республикалық курстарға Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстырының педагогтары қатысты.
Тыңдаушылар курсты ұйымдастырғаны үшін Балалар көркемсурет мектебінің директорыЖелобкова Юлия Владимировнаға, мектеп педагогтарына алғысын білдірді.
Тыңдаушылар Астана қаласындағы Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Раиса Петровнаға: «Біздің Сізге деген алғысымыз шексіз. Сабақтар жоғары кәсіптік деңгейде, әдістеме жағынан сауатты өткізілді, біздер үшін өте пайдалы, танымдық маңызы мол болды, жағымды эмоциялар, шығармашылық идеялар және жақсы әсер берді»,- деген сөздерімен алғыс білдірді.
Наталия Письмак, Көкшетау қаласының Балалар көркемсурет
мектебі директорыныңоқу ісі жөніндегі орынбасары