• 20 апр. 2015 г.

«Денсаулыққа 7 қадам» Ақтөбе қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелеріне

2015 жылғы сәуірде Ақтөбе қаласы «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК базасында «Денсаулыққа 7 қадам» қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелеріне арналған марафон өткізілді.

Мақсаты: балаларды салауатты өмір салтын сақтаудың тиімді жолдарына тәрбиелеу.

Міндеттері: балалардың денсаулықты сақтау, дене шынықтыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қатысушылар: қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мүшелері, аға тәлімгерлер, СӨС, спорт және дене шынықтыру басқарма мамандары.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыруы керек. Денсаулық – ол шыныққан денең, ол күлуің, сымбатты мүсін және салауаттылық. Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай ұйымдастырылған қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жаөспірімдер ұйымы мүшелеріне арналған марафонда денсаулықты тиімді сақтаудың шаралары туралы жан-жақты айтылды.

Қалалық марафон аясында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбына мектептер жыл бойы өткізілген шараларды фотоальбом, бүктемелер, жарнама парақтары түрінде тапсырды. Денсаулыққа жол бастайтын 7 қадам – Күн тәртібі, дұрыс тамақтану, гигиена, жағымсыз әдеттер, демалыс және саяхат, спорт, салауаттылық туралы мәліметтер берілді. Марафон барысында 30 мектептің шығармашылық жұмыстары салауатты өмір салты жұмысын насихаттағаны үшін мадақтамамен марапатталды.

Марафон барысында мектептер денсаулық шараларының үгіт-насихаттары арқылы салауаттылықты ұстанған ертеңгі ұрпақ – жасұландықтар екенін өз өнерлерімен көрсетті.

  • ерлік
  • новости каз
  • балаlife каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More