• 20 апр. 2015 г.

Құттықтаймыз!


_AMT4330.JPG

Атырау қаласының оқушылар орталығына 15 жыл толуына орай аталған орталықта сәуірдің 15-і күні мерейтой аталып өтті. Орталық директоры Түсіпқалиева Айзада Мұғиқызы бастаған ұжымның ұйымдастыруымен өткен шараға жалпы саны 70-ке жуық қаладағы әр түрлі мекемелерден қонақтар шақырылды. Үлкен ауқымды шара өтті. Шараның ашылуы қонақтарды қарсы алып үйірме жұмыстарын көрсетіп, атап айтқанда футбол үйірмесінің оқушылары футбол ойнап, қолөнер бұйымдарынан көрмелер, домбырашылар ансамблі күй тартып т.б. барлық үйірмелерден ашық көрме ұйымдастырылды. Жаңа заманғы талаптарға сай дайындалған оқу кабинеттерін аралады.

Орталықты таныстыру туралы (презентация) алғаш баяндама жасаған Айзада Мұғиқызы ресми сәттің ашылуы болды. Одан кейін құттықтаулар болып, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Мүслімқызы қала әкімінің құттықтау хатын қолөнер үйірмесінің жетекшісі Арайлым Жарасқызы және Лариса Байболатқызына, облыстық білім беру басқармасының басшысының орынбасары Злиха Қадырбайқызы облыстық білім беру басқармасының құрмет грамотасын Айзада Қайратқызы, Бибігүл Қабдрахимқызы, Гүлайым Кәрімқызы табыстаса, алғыс хатын Жаннат Төлеуғалиқызына табыстады. Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Қайырғали Рысқалиұлы қалалық білім бөлімінің құрмет грамотасын Айымгүл Ысқаққызына, алғыс хатын Қарлығаш Ғайноллақызына табыстады. Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасына Жанар Оразқызы, алғыс хатына Алия Кенжеғалиқызы ие болды. Мектеп директорлары мен қосымша білім беру ұйымдарының басшылары сөз сөйлеп, құттықтау хаттарын, естелік сыйлықтарын табыс етті. Бағдарлама бойынша қонақтарды сергіту мақсатында орталық психологы ұйымдастырған тренинг өтті. Шара соңында орталық оқушыларының күшімен дайындалған концерттік бағдарлама шараның көркін кіргізді. Әр түрлі сайыстардан жүлдегер атанған оқушылар ән айтып, би билеп қонақтардың көңілін көтерді. Киіз үй тігіліп мерекелік дастарханға ұласты.

_AMT4352.JPG

_AMT4373.JPG

_AMT4403.JPG

_AMT4834.JPG

_AMT4802.JPG

_AMT4814.JPG

_AMT4826.JPG

_AMT4530.JPG

_AMT4428.JPG

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More