Мақсаты: оқушыларды рухани адамгершілікке, достыққа, мейрімділікке, өзгелер үшін қайырымды істер жасауға, көмек беруге тәрбиелеу.
Ақтөбе қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қаланың 70-тен астам мектептеріндегі ұйымдарды біріктіреді. Құрамында 34 000 астам мүшелері: жасқыран мен жасұландар бар. Қазіргі таңда ұйым «Қазақстан жас қанаты – «Жас Ұлан»» бағдарламасымен жұмыстар жүргізіп жатыр. Қалалық «Жылы ұя» қайырымдылық акциясы жасұландар арасында дәстүрлі өткізіліп келеді.
Акция ұраны: «Прояви инициативу – сотвори Добро! Қайырымдылық жасауды өзіңнен баста!»
Мақсаты: денсаулығы нашар, мүгедек балаларды қолдауға, көмек көрсетуге бағытталған.
Қала мектептеріндегі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдарында алдын-ала қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
«Жылы ұя» акциясы ҚР «Қызыл Ай» қоғамы Ақтөбе облыстық филиалымен бірлесе өткізілді. Қатысушыларға «Қызыл Ай» қоғамы туралы видеофильм көрсетілді. Акция барысында жасұландықтар қайырымдылық көмектерін Назарханова Айнаш № 24 лицей-гимназиясыеың оқушысы, Баймұханова Мәншүкке 2008 ж.т. мүгедек, Қалыбеков Диас № 33 орта мектеп оқушысына берді.
Олардың ата-аналары акцияға шақырылды. Қалалық акцияның барысында жасұландықтар өздерінің мектептерінде ұйымдастырылған қайырымдылық акциялары туралы айтып видеомәліметтер, слайдтар, мектеп оқушылары дайындаған өнерлерін көрсетті.
Акцияның соңында жұмыстар қортындыланып, белгіленген комиссия мүшелері акциядан түскен қаржыны есептеп, «Қызыл Ай» қоғамы облыстық филиалы қызметкерлері арқылы Назарханова Айнаш, Баймұханова Мәншүк пен Қалыбеков Диастың ата-анасына қалалық «Жас Ұлан» ұйымының жасұландықтары атынан табыс етілді.









