• 15 апр. 2015 г.

Мәдениеттерді жақындастыруды алға басу мақсатындағы «Балалар әлем ырғағында» атты Қазақстан жастарын

2015 жылғы сәуірде Ақтөбе қаласында музыка хореография, вокал номинациялары бойынша 12-17 жас аралығындағы Қазақстанның шығармашыл дарынды балалары мен жастары қатысқан Мәдениеттерді жақындастыруды алға басу мақсатында «Балалар әлем ырғағында» атты шығармашыл жастардың тұңғыш фестивалінің аймақтық іріктеу туры өткізілді.

Мәдениеттерді жақындастыруды алға басу мақсатында «Балалар әлем ырғағында» атты шығармашыл жастардың тұңғыш фестивалі Қазақстанның талантты жас орындаушыларын анықтау мен оларды қолдау, олардың шығармашылық әлеуеті мен біздің отанымыздың мәдениетін балалар шығармашылығы арқылы дәріптеуді жүзеге асыру.

«Балалар әлем ырғағында» фестивалі ЮНЕСКО–ның 70-жылдығы аясында өткізілді және 2013-2022 жылдары мәдениетті жақындастырудың Халықаралық онжылдығын мерекелеуге арналды.

Фестивальді Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы ұйымдастырды.

Фестиваль ЮНЕСКО мен ИСЕСКО істері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясының, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан бойынша Алматыда ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің, Алматы қаласы Әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қорының, NGS+ компаниясының қолдауымен өткізілді. Шараның ақпараттық серіктестері - Classic Радиосы, «Отырар» телеарнасы, «Коғам ТВ» ЖШС, «РИКА- ТВ Телекомпаниясы» ЖШС, «5 канал» ААҚ, «Carat- Прогноз» ЖШС, «Алау ТВ» ЖШС, «Первый Северный» телеарнасы.

Аймақтық турдың қорытындысы бойынша үш негізгі номинациядан үш жас сананаты тобынан таңдап алынған 27 финалист 2015 жылғы 15- 17 маусымда Фестиваль Финалына қатысып, Фестивалдің Гала Концертінде өз нөмірлерін көрсете алады. Сондай-ақ, Фестиваль қатысушыларына әлем мәдениеті мен төзімділік, шеберлік сыныптар, ҚР мәдениет пен өнердің жетекші қайраткерлерімен сабақ, тақырыптық семинарлар өткізуге мүмкіндік берілді.

2015 жылғы 17 шілдеде Фестивалдің 9 жеңімпазы Астана қаласында Халықаралық дәстүрлі музыка Кеңесінің (ICTM) 47-ші Дүниежүзілік Конференциясы шеңберіндегі концертке қатысады.

Фестивальдің міндеттері:

қабілетті және талантты жас орындаушыларды анықтау және қолдау;

балалар шығармашылығын дәріптеу және насихаттау, Қазақстанның сан алуан аймағындағы жас орындаушылардың арасындағы байланысты нығайту;

мәдениетті түрде өз ойын білдірудің сан алуан түріне тарту және олардың маңыздылығын ұлттық деңгейде нығайту;

Қазақстан халықтарының материалдық емес мәдени мұрасын сақтау;

мәдениетаралық және өркениетаралық диалог пен өзара түсіністіктің қазақстандық тәжірибесін алға бастыру;

қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, өздерінің орындаушылық қабілеттерін, машықтарын, фантазиялары мен жекелігін көрсетуге мүмкіндік беру;

тәжірибемен алмасу және кәсіби шеберліктерін арттыру;

өнер, ғылым мен мәдениеттің жетекші қайраткерлерін балалармен жұмысқа тарту.

  • балаlife каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More