• 14 мар. 2015 г.

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған пневматикалық мылтықпен атудан қыздар а

2015 жылдың 5-7 наурыз күндері аралығында Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған пневматикалық мылтықпен атудан қыздар арасындағы республикалық турнир өткізілген болатын. Аталмыш жарысқа барлық облыстың, сонымен қатар, Астана, Алматы қалаларының әскери-спорттық клубтары мен құрама командалары қатысты.


Жарысты өткізудің мақсат-міндеттері:

- Салауатты өмір салтын насихаттау;

- Жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, Қазақстан Республикасының болашақ отан қорғаушыларын дайындау;

- Жарыс қыздар арасында мылтықпен көздеп атудың танымалдылығын арттыру мақсатында өткізіледі;

- Спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін шыңдау;

- Үздік командалар мен спортшыларды анықтау;

- Жастарды жүйелі түрде спортпен және дене шынықтырумен айналысуға тарту.


Осы жолғы жарыста 37 команда бақ сынасты (150-ге жуық адам).

Жеке есепте жүлделі орындарға көтерілгендер:

I-ші орын – В.Ендальцева, «Алтын-барыс» ӘСК (Қарағанды қаласы) – 135 ұпай;

II-ші орын – Дүйсенбай Қорлан (ШҚО, Семей қаласы) – 130 ұпай;

III-ші орын – Марина Шкадюк (Қарағанды қаласы) – 107 ұпай.


Жалпы есепте жүлделі орындарға ие болғандар:

I-ші орын – ШҚО командасы – 280 ұпай;

II-ші орын – Қарағанды қаласының командасы – 275 ұпай;

III-ші орын – Ақтөбе облысының командасы – 205 ұпай.

Жеке есепте жүлделі орындаға ие болған спортшылар дипломдармен, медальдармен және түрлі сыйлықтармен марапатталды. Жалпы есепте тұғырға көтерілген командалар дипломдарға, медальдар мен кубоктарға ие болды.

Жарыс достық рәуіште өтті.


1.png

2.png

3.png

4.png

5.png

6.png

  • новости каз
  • ерлік

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More