«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мекемесі «Халықаралық сулы- батпақты өңірлер» күнін атап өтуге байланысты сайыс өткізді.Осы сайысқа колледж студенттері және жас натуралистер стансасының үйірмелерге қатынасатын оқушылары қатысты. Сайыстың мақсаты «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстар , жануарлар, өсімдіктер әлемін танып білуге , оларды қорғауға жас ұрпақты баулу. Дайындық кезеңінде оқушылар интернеттен өз білгендеріне қосымша деректерді тауып, білімдерін толықтырды.
Сайыс тапсырмасына сай театрландырылған қойылым қоюға «Құстар айтысы» атты тақырыпқа сай құстар бейнесін сомдады. Әсіресе әр құстың тіршілік ортасы мен қорегін табуына қарай , сыртқы пішіні мен тұмсықтарын жасап костюмдер даярлау жұмысы ойдағыдай болды.
«Жерұйық» атты қабырға газеті мен театрландырылған қойылым аталымдары бойынша стансаның үйірме мүшелері жүлделі 1ші орын Дипломымен марапатталды.

«Құстар айтысы» атты қойылымнан көрініс

Облыстық «2 ақпан Бүкілдүниежүзілік сулы –батпақты өңірлер күні»
марапатталған үйірме мүшесі Шалхаров Манас 1 ші дәрежелі Диплом

Облыстық «2 ақпан Бүкілдүниежүзілік сулы –батпақты өңірлер күні»
марапатталған үйірме мүшесі Доспаева Аружан 1 ші дәрежелі Диплом
