• 24 февр. 2015 г.

Балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын жалпы орта және қ

IMG_0796.JPG
IMG_0787.JPG

IMG_0825.JPG
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бойынша бағдарламаларды жүзеге асыратын жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдары басшыларының Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын 2015 жылғы 20 ақпанда Астана қаласы Оқушылар сарайында өткізді.

Отырыстың жұмысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Бимендина А.Т., Соловьева А.С., Білім және ғылым, Ішкі істер, Әділет, Даму және инвестициялау министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Астана EXPO-2017» ҰК АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, British Council Казахстан «Ньютон – Аль-Фараби», PMI Kazakhstan Chapter (potential), бизнесті дамыту компаниясы «Knowledge partners»,облыстар, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының өкілдері, техникалық шығармашылық орталықтары және жас техниктер станцияларының басшылары қатысты, саны – 85 адам.

IMG_0852.JPG
IMG_0838.JPG

Отырысқа қатысушылар Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту бойынша 2015-2018 жылдарға арналған жүйелі шаралар кешенін жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Балалар мен жастардың дамуы мен өзін-өзі іске асыру құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми-зерттеушілік іс-шаралар кешені енгізілген балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылық жүйесін дамыту қажеттілігі туындайды.

IMG_0802.JPG

Жаңа кезеңдегі балалар мен жастардың техникалық шығармашылығы қазіргі техника саласындағы өздігінен жоспарлайтын және өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-зерттеушілік, педагогикалық және жобалау-құрылымдық қызметтерді іске асыратын мамандарды дайындайтын катализатор болуы тиіс.

Үйлестіру Кеңесіне қатысушылар балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытуға байланысты ауқымды мәселелерді талқылап келесі ұсынымдарды әзірледі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге:

- Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы қосымша білім беру жүйесін дамытуға, оның ішінде техникалық шығармашылықты дамытуға қатысты қосымшаларды енгізсін;

- балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту бойынша өңірлік отандық және шетелдік тәжірибені зерделесін;

- қосымша білім беруді дамыту, оның ішінде балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын насихаттау жөнінде жүйелі түрде ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізсін;

- бюджеттік қаражатты және қазақстандық заңнамаларға қарсы келмейтін басқа да қаражаттты пайдалану арқылы техникалық бағыттағы қосымша білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесін жетілдірсін;

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігіне:

- Мемлекет басшысының 2014 жылғы 7 қазандағы №3594-2 тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту бойынша 2015-2018 жылдарға арналған жоспарымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірге балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту жөнінде кешенді іс-шараларды іске асыруға ықпал етсін;

- балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытуға бизнес-қауымдастықтарды, үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіптік мекемелерді, кәсіпорындарды қатыстыруға ықпал етсін.

Жергілікті атқарушы органдарға:

- Қазақстан Республикасында балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық тәсілдерді іске асыру арқылы кешенді іс-шараларды әзірлеу бойынша отырыстар, дөңгелек үстелдер өткізсін;

- Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту бойынша 2015-2018 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін (2015 жылғы наурыз);

- балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту бойынша ведомствоаралық әрекеттесуді ұйымдастырып, әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша мәселелерді анықтасын.

IMG_0820.JPG

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Р.П. депутаттар А.Т.Бимендина және А.С.Соловьеваға, «Астана EXPO-2017» ҰК АҚ-ның басқарушы директоры С.Т. Рахымбековаға, «Ньютон – Аль-Фараби», British Council Казахстан серіктестік бағдарламасының менеджерін Роуэн Кеннедиге, Ақмола облысы, Аршалы ауданының Вячеславка орта мектебінің директоры Немцан Татьяна Николаевнаға алғыс хаттар берді.

IMG_0873.JPG

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту және кәсібилігі үшін жас техниктер станциялары және техниктер шығармашылық орталықтарының директорлары Е.К.Жаркембаев, С.А.Удальцева, А.А.Ульянов, А.М.Сон, Ш.М.Шоныраев алғыс хаттармен марапатталды.

IMG_0880.JPG
IMG_0879.JPG
IMG_0878.JPG

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More