• 29 янв. 2015 г.

«Аққұс» фестивалі

Ақтөбе қалалық оқушылар Сарайының базасында балалар шығармашылығына арналған «Аққұс» фестивалі жыл сайын дәстүрлі ұйымдастырылып келеді.

Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын дамыту, сөз өнеріне үйрету, әдеби мұраларды және жергілікті ақын-жазушыларды оқуға тәрбиелеу, БАҚ байланыс жасау, жас қаламгерлерді көпшілікке насихаттау.

2005 жылдан бастап өткізілетін «Аққұс» фестиваліне 10 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде фестиваль ұлы ақын Абайдан бастап, М. Мақатаев, М. Шаханов, жергілікті ақын Е. Ашықбаев шығармашылығын және «Арайлы Ақтөбеме - 140 жыл!», «БАҚ – балалар көзімен», «Жалынды жастық», «Ақындар – өмірге ғашық жандар» тақырыптарын қамтыды. Талабы бар өлең, әңгіме жазатын, мәнерлеп оқитын оқушыларды көпшілікке насихаттады.

2014-2015 оқу жылдары фестиваль тақырыбы «Жалында, жас қаламгер!» атанды. Фестивальға қатысуға 30 жуық мектептерден өтініштер қабылданды. Қатысушылар өзерінің шағын өлеңдер, әңгімелер жинағын және күнтізбе, күнделіктер шығарып тапсырды. Фестивальға дейін жас қаламгерлер С. Бәйішев атындағы кітапханаға саяхат жасады. Оның жұмысымен танысты, поэзия сағатын өткізді.

«Аққұс» фестивалінің 10 жылдығына арналған мерекеге мемлекеттік тілде оқытылатын мектептердің 6-10 кл. оқушылары, ұстаздар, аға тәлімгерлер және С. Бәйішев, Н. Байғанин атындағы кітапханалардан, Т. Ахтанов атындағы драма театрынан, «Балалар мен жасөспірімдер орталығы» МКҚК, «Балалар мен жасөспірімдер үйі» МКҚК, облыстық халық шығармашылығы үйі мен Қазанғап атындағы музыка мектебінен қызметкерлер шақырылды.

Мереке барысында 10 жылдағы «Аққұс» фестивалінің тақырыптарына шолу жасалынады, жас қаламгерлер өздерінің өлеңдерін оқыды, мектеп оқушыларының дайындаған қызықты сәлемдемелері мен қойылымдары көрсетілді.

«Аққұс» фестивалінің барлық бөлімдері бойынша жас қаламгерлер қалалық оқушылар Сарайының мақтау қағазымен және қызықты кітаптармен марапатталды.

1.png
2.png
344.png
44444.png

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More