Екінші кезеңде қатысушылар берілген тақырыптар бойынша шеберлік-сыныптар өткізді. Қазылар алқасы топта іскерлік қарым-қатынас орнату, реттеу және ұстай алу, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін топтың барлық мүшелерінің күштерін ықпалдастыра алатын білімдерін бағалады.
Ойынның ақтық кезеңінде қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Байқау барысында шешендік өнерлері мен ұйымдастырушылық қасиеттерін көрсетуге бағытталған тапсырмалар ұсынылды.
Осы байқау қазылар алқасына нағыз креативті, мақсатты, қиын жағдайдан жол таба білетін жанды, яғни бір сөзбен айтқанда - нағыз көшбасшыны анықтауға мүмкіндік берді.



