• 12 янв. 2015 г.

Биыл Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп салынады

20150112160124.jpg
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Астанада 5 жалпы білім беретін мектеп салынады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Елордада 88 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 105 мыңнан астам бала оқиды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 94 мыңға жуық оқушыны құраған. Жалпы білім беретін 88 мектептің ішінде 77-сі мемлекеттік (102 мың бала) және 11 мемлекеттік емес мекеме.

Елордада мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелері де бар. Ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға психологиялық-әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау көрсететін 30 арнайы кабинет пен ұйым қызмет етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың электронды базасы құрылған. Қазіргі кезде Білім басқармасының мәліметтер базасына 1805 бала енгізілді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мектептерде тәрбиелеу процесін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша жұмыстар қолға алынды. Атап айтқанда, іс-шаралар, көрмелер, мерекелер мен спорттық-бұқаралық шаралар өткізілуде.

Бүгінде мектептердегі орын тапшылығы 1 864 құрайды, екі ауысымдық оқуды қоса есептегенде оқушылар саны 7 мектепте жобалық қуаттылықтан артық болып отыр. Мектеп жасындағы балалар санының өсуіне байланысты 2015 жылы 4800 орындық 5 жалпы білім беретін мектептің құрылысын бастау көзделген:

1. Қарталы және Оқжетпес көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;

2. Оқжетпес және Бөкеев көшелерінің қиылысында 1200 орындық мектеп;

3. Қалдаяқов - Нәжімеденов көшелерінің қиылысында (900 орын);

4. Нұра-Есіл каналында 1200 орындық мектеп;

5. Қорғалжын тас жолы (900 орын).

Астана қаласының Әкімдігі Ұлттық қордан бөлінген қаржы есебінен №16 мектепке қосымша ғимарат, сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін 7 балабақшаның құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр.

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алау» және «Жас ұлан» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Алматы облысы, Көксу ауданы, Қ.Қ. Жалайыри атындағы ОМГ «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің республикалық әскери-патриоттық қозғалысы ұйымының ұйымдастыруымен өткен облыстық «Алау» және «Жас ұла

«Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг

2021 жылғы 09 қаңтар күні Қарағанды қаласы, №77 жалпы білім беру мектеп- балабақша кешенінің «Жас Сарбаз» 9"Б",10"Б", сынып тәрбиеленушілері арасында «Қысқы спорт түрлері» тақырыбында брейн-ринг өткіз

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»

Қарағанды облысы, Сатпаев қаласы С.Сейфуллин атындағы гимназиясы қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастау мақсатында, адам өміріндегі ең игі істерінің

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More