• 9 янв. 2015 г.

Ә.Жақсыбеков Астана қаласындағы білім мекемелерін аралап көрді

1.png
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков көшпелі кеңес өткізіп, шаһардағы білім мекемелерінің жұмысымен танысты. Қала басшысы Оқушылар сарайында, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №64 «Асыл бөбек» балабақшасында, Юрий Гуров атындағы №6 гимназияда және Астана қаласының кәсіптік-техникалық колледжінде болды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Оқушылар сарайы 2011 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен салынды. Қазіргі кезде онда 9 мыңнан астам баланы қамтитын 109 үйірме жұмыс істейді. Әділбек Жақсыбеков мекеме басшысына үйірмелердің және секциялардың қолжетімділігіне, балалардың демалыстарын қызықты өткізулеріне назар аударуды тапсырды, сондай-ақ ата-аналардың балаларын секциялар мен үйірмелерге жазу кезінде ешқандай қиындықтарға тап болмауы тиіс екендігін айтты. Сондай-ақ Астана әкімі жаңа №64 балабақшада болып, арнайы жабдықталған медициналық кабинетте өткізілетін емдеу-оңалту және қалпына келтіру процедураларымен танысты. Балабақша 2012 жылы ашылған, қазіргі кезде онда тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі 164 бала оқиды. Мекемеде логопедтер мен дефектолог мамандығын меңгерген тәрбиешілермен қоса, педиатр, физиотерапевт, ортопед және т.б. дәрігерлер жұмыс істейді. Балабақшада музыкалық және спорт залдары, арнайы тренажер залы, сенсорлық бөлме, кинозал мен этнографиялық мұражай бар. Сонымен қатар Ә.Жақсыбеков 2009 жылы салынған, құрылыс және техникалық мамандарды даярлайтын кәсіптік-техникалық колледжге және Юрий Гуров атындағы №6 гимназияға бас сұқты. Көшпелі кеңес барысында Астана әкімі Білім басқармасына білім мекемелерінің инфрақұрылымын және білім беру сапасын жақсарту жөніндегі мәселелерді назарда ұстауды тапсырды. Әкім барлық білім беру мекемелерінде балаларды тамақтандырудың сапасына да назар аударды. Ә.Жақсыбеков балабақшаларда орындардың жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында жұмыстарды күшейтуді, сондай-ақ ағымдағы жылы орта мектептерде үш ауысымда оқуды болдырмауды, осылайша, мектептердің шамадан тыс жүктемеленуін жоюды тапсырды.

20150109162505.jpg
20150109162509.jpg
20150109162513.jpg

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«One Рower» волонтер клубы

2021 жылғы 20 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті. Бағдарламаның екінші кезеңінде Оқушылар сарайының «One Рo

«Жылдың үздік ұстазы-2020»

Қарағанды медициналық интерколледжінің оқытушысы Алтынбеков Мейрам Бостанович-«Жылдың үздік ұстазы-2020» республикалық байқауының «Үздік жас ғалым-2020» номинациясының жеңімпазы атанып, медаль мен І

«Black&White» медиакомпаниясының продюсерімен кездесу

2021 жылғы 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспасөз орталығының түлегі Адина Хамармен онлайн – интервью өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері. «Black &

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More