• 25 дек. 2014 г.

«Әскери-патриоттық және спорттық клубтар құру арқылы заманауи армияға әскер қатарына шақырылғанға де


1.png

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2014 жылғы 18-21 желтоқсанда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен, Мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін облыстық орталықпен бірлесе отырып, «Әскери-патриоттық және спорттық клубтар құру арқылы заманауи армияға әскер қатарына шақырылғанға дейінгі жастарды тәжірибелік дайындау әдістерінің жаңа тәсілдері» тақырыбында қосымша білім беру ұйымдары педагогтеріне республикалық біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

Курстың бірінші күні Қазақстан Республикасының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Ташубаев Аркен Қапанұлының қатысуымен республикалық курстың салтанатты ашылуы өтті. Курстың ашылуында Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті, қорғаныс департаменті, қалалық Ауғанстан ардагерлері мен мүгедектер одағының жетекшісі, әскери бөлімдердің тәрбие жұмысы бойынша командирлерінің орынбасарлары, МОЖ МТІШӨОО бөлім менгерушісі қатысты.

2.png
3.png
4.png

Курс бағдарламасы блоктық-модульдық тәсілге негізделген. Дәріс және практикалық дәрістер мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді. Дәрістерді Жамбыл облысы «Өрлеу» АҚ филиалының профессоры, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жою бөлімінің бас маманы, ТарМУ әскери кафедрасының аға оқытушылары, «Қазақстан әскери-патриоттық клубтары одағы» корпоративтік қорының бастығы, әскери-қолданбалы спорт бойынша тренерлер, әскери-патриоттық клуб жетекшілері оқыды.

Дәрістер Г. Байтасов атындағы полигонда, «Тараз-Арена» спорттық комплексте, төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары» ММ өткізілді.

Курс барысында тыңдаушылар № 85395 әскери бөлім мұражайына, әскери жабдық көрмесіне барып, арнайы тағайындалған жасақтардағы жауынгерлердің көрсетілімдерін тамашалады, А.Фадюшин басқарған «Боевое братство» Алматы қоғамдық қорының зерттеу жұмысы туралы «В Псковских лесах России казахстанские поисковики ищут останки легендарной Алии Молдагуловой» фильмін көрді. Облыстық орталықтағы «Сұңқар» таулы-қорық жасағының зерттеу тәжірибесі жұмысымен танысты және «ҰОС кезінде қаза тапқан Тараз қ.аласының 11 сарбазы өмірі және жерленгендердің бейіттері» бейне тұсаукесерімен танысты.

Жамбыл облысының Ақыртөбе ауылындағы «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының зерттеу жұмысы бірегей тәжірибе. «Парыз» ҚБ жетекшісі Али Бекқұлы Алиевич қонаққа шақырылды. Қазіргі кезде оның жұмысының арқасында, 246 жамбылдықтың аттары мәңгі есте қалды, Ленинград бойынша опат болған Жамбыл облысының 1100 жауынгердің орнын анықтады.


Курс соңында жобаларды сәтті қорғап шыққан курс тыңдаушыларына біліктілікті арттырғандығы туралы куәлік тапсырылды.

5.png
6.png
7.png
8.png

  • ерлік

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More