• 9 дек. 2014 г.

Тәуелсіздік күніне орай Ақтөбе қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшеле

DSC03604.JPG
Қазіргі кезде заман талабына сай балалар мен жасөспірімдер ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінің қызметтері жас ұрпақтың қоғамдағы орнын өзі белгілеу және мүмкіндіктерін іске асыру, жеке басын әлеуметтендіру жөніндегі маңызды институт болып табылады. Балалар ұйымдары өскелең ұрпақтың қоғам өмірінде демократиялық тұрғыда өсуіне мүмкіндік туғызады.

DSC03640.JPG

2011 жылғы 6 шілдеде Елбасының тапсырмасымен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Бұл бастаманы қолдау мақсатында Ақтөбе қаласында 2011 жылы қыркүйек айында құрылған қалалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы, қазіргі таңда 70-тен астам мектептердің ұйымдарын біріктіреді. «Жас Ұлан» ұйымы өзінің қатарын жылына 3 рет өткізетін қабылдау жиыны арқылы толықтырып отырады. Тәуелсіздік күніне байланысты барлық мектептің «Жас Ұлан» ұйымдарында салтанатты мерекелік жиындар өткізіледі.

DSC03660.JPG

2014 жылғы 5 желтоқсанда Ақтөбе қалалық Оқушылар сарайында Тәуелсіздік күніне арналған «Мәңгілік елім - Қазақстан» мерекесі өткізілді. Мерекеге «Жас Ұлан» ұйымының 5-6 сынып оқушылары (әр мектептен – 3 оқушы) және сынып жетекші шақырылды. «Мәңгілік елім - Қазақстан» мерекесі барысында көрермендерге болашағы жарқын егеменді еліміз туралы слайдтар, бейнероликтер арқылы мәліметтер берілді.

Мерекеде «Жас Ұлан» ұйымының Қала Кеңесі мүшелері флэшмоб пен спорттық жаттығуларды және №17, 24, 25, 41, Ақтөбе, Благодар, Қызылжар, Новый, Пригород орта мектептерінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

DSC03662.JPG

Мерекеге байланысты оқушыларға «Мәңгілік елім - Қазақстан» атты құттықтау хаттары дайындалды. Шығармашылық тапсырманы үздік орындағандар «Қалалық оқушылар Сарайы» МКҚК мақтау қағазымен марапатталды. «Мәңгілік елім - Қазақстан» мерекесіне облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан, Н. Байғанин атындағы, С. Бәйішев атындағы кітапханалардан қызметкерлер шақырылды.

DSC03669.JPG

DSC03683.JPG

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More