Зевс мүсіні

Әлемнің жеті керемет-терінің бірі – Зевс мүсіні Олимпия қаласының орта-лық алаңындағы Зевс ғиба-датханасында болған. Оны әйгілі грек мүсіншісі Фидий піл сүйегі мен алтынды қиыстырып жасаған. Мүсіннің биіктігі 17 метр. Кейіпкердің бір қолында жеңіс құдайы Никаның шағын мүсіні, ал екінші қолында алтын мен піл сүйегінен жасалған қасиет-ті қыран бейнеленген ұзын балдақ бар. Құдайлардың құдайы Зевстің отырған орын-тағының арқасы мен аяғы піл сүйегінен жасалған әр алуан өрнектермен әдіптеліп қана қоймай, онда Олимп құдайларының бейнелері алтынмен безендіріліп салын-ған екен. Балдақтың төменгі жағында әйгілі суретші Панэн шығармалары мен билеп жүрген Никалар бейнеленген. Еденге қара көк элевсин тастары төселген. Піл сүйегін құрғап кетуден сақтау үшін зәйтүн майы құйылған арнайы су алабы салыныпты.
Мүсінді көру үшін Грекияның түкпір-түкпірінен халық таңның атысы, күннің батысы ағылып келіп жататын болған. Сол заман жазушыларының айтуына қарағанда, Зевс мүсінін көрген жан жарасынан жазы-лып, дертіне шипа табады деген сенім болған. Зевс мүсіні ІV ғасыр шамасында Константинопольдағы орталық ипподромға көшірі-ліп, үлкен бір өрт кезінде жойылып кеткен деген жорамал бар.