«Төрт жарты шарларда орналасқан жер шарындағы жалғыз мемлекет»

Кирибати Республикасы – атолл- аралдардан тұратын Тынық мұхиттағы кішкентай мемлекет. Бірақ осы ел ғана бір мезгілде Солтүстік, Оңтүстік, Батыс және Шығыс жартышарларда орналасқан. Әлемде көптеген елдер бір уақытта үш жарты шарларда орналасқан. Бұл экваторды кесіп өтетін елдер. Мысалы, Кения және Бразилия елдерін атап айтуға болады. Сондай-ақ территориясы Гринвич меридианы арқылы өтетін елдер, мысалы, Франция және Мали, немесе 180° меридианы арқылы өтетін Ресей мемлекеті. Алайда тек Кирибати елінің территориясы ғана нөлдік параллелдер және 180°меридиан тоғысқан жерде орналасқан. Егер Гринвич меридианы мен экватор тоғысқан жерінде құрлық орналасқан болса, Республиканың «бәсекелесі» болар еді. Бірақ бұл жерде Гвиней бұғазы орналасқан. Дегенмен 180° меридианы және нөлдік параллелдер тоғысқан жерде Тынық мұхитынан басқа ештеңе жоқ. Бұл жерде кішкентай мемлекеттің атолл- аралдары орналасқан. Кирибати Республикасында 100 мың шамасында адам тұрады.
Географиялық картада бір мезгілде төрт жарты шарларда орналасуы мемлекетке қиындық туғызып отыр. Аралдар жерінің көп бөлігі жазықтық болуы әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуі себебінен елдерді су басу қаупі бар.
Сондықтан да Кирибати елінің ішкі саясатының ең негізгі бағыттарының бірі әлемдік жылыну мәселелері болып табылады.

Кирибати Республикасының географиялық жағынан басқа да мақтаныш тұтынатын жерлері бар. Біріншіден, Кирибати Республикасы Лайн архипелагындағы әлемдегі ең ірі Рождества немесе Киритимати атолл аралын иемденеді, екіншіден қазіргі уақытта әлемдегі ең ірі теңіз қорығы саналатын Феникс аралы осы республиканың құрамына кіреді.