
Іс-шара бағдарламасында мектеп алды алаңда «Мәңгілік ел ұландары» флешмобы ұйымдастырылып, балалар қызыл, ақ, қара түсті шарлармен «Қылмысқа қарсымыз», «Қарусыз қала үшін», «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» деп ұрандап, заманауи би биленді.
Фойеде айлыққа белсенді қатысқан қала мектептері жас суретшілерінің тақырыптық сурет және плакат көрмесі қойылды. Спорт залда - шығыс жекпе-жегінен көрсетілім, футбол, баскетболдан жарыс өткізілді.
Акт залында - құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық жайлы бейнефильм, қала мектептерінің «Жас ұлан» ұйымы белсенділері мен дабылшылар өнері, құқықбұзушылықтың алдын алу жайлы сахналық қойылым, қылмысқа қарсы күрес туралы үгіттобының өнері, сахналандырылған заманауи жастар биі көрсетілді. Облыстық білім басқармасының бас маманы Н. Асанов қала көлемінде өткізілген акцияның жасөспірімдерге берері мол екенін атап өтті. Қала мектептерінің оқушылары балалар қылмысы жайлы өз пікірін ортаға салды.
Қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы іс-шараның ұйымдастырушысы ретінде және барлық бағдарламаға белсене қатысты.
