• 19 нояб. 2014 г.

2016 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі - Ақтөбе облысының әкімі

20140912122249.jpg
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 2016 жылы Ақтөбе облысында апатты мектептер мәселесі шешіледі, деп хабарлады аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыс активінің жиынында.

«2020 жылға дейін 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызға жеткізілмек. Үш жыл ішінде біз 30-дан астам замануи мектеп салдық, Ақтөбе, Алға, Қандағашта әрқайсысы 600 орындық тағы 10 мектеп салу жоспарлануда. Жобаланған ірі мектептер апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту мәселелерін шешеді. 2016 жылы апатты мектептер мәселесі толығымен шешіледі», - деп нақтылады А.Мұхамбетов. Сондай-ақ облыс басшысы елді мекендерді газдандыру жұмыстарының жалғасып жатқанын айтты. Алдағы екі жылда аудан орталықтары толығымен газдандырылмақ. Оған түрлі қаражат көздері тартылады, оның ішінде газ тарифін көтеру де бар. «Біз «ҚазТрансГазбен» 21 млрд. теңгеге меморандум жасаспақпыз, ол банктерден тарифтер есебінен қаражат тартады. Бүгінгі тарифіміз 5100 теңге болса, алдағы жылдары ол 8000 теңгеге дейін көтеріледі. «ҚазТрансГаз» екінші деңгейлі банктерден инфрақұрылымдық облигациялар есебінен қаражат көзін тартып, жаңа газ құбырларын салады», - деді әкім. Айта кетейік, бүінгі таңда Ақтөбе облысында 800 мың адамның 635 мыңы газбен қамтылған.

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды

Диснейленд үлкен күн электр станциясын ашады

Ішкі істер министрінің кеңесшісімен кездесу өтті

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More