• 18 нояб. 2014 г.

Мектеп оқушыларының жазғы, қысқы демалыстарына ешқандай өзгеріс енгізілмейді - БҒМ

20140320141157.jpg
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектеп оқушыларының жазғы, қысқы каникул мерзімдері еш өзгермейді. Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев осылай мәлімдеді. Еске сала кетейік, басқосуда бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мәселесі талқыланған болатын. «Мектептегі жазғы, қысқы каникул мерзімдерін өзгерту мәселесіне келсек, педагогикалық ата-аналар қауымдастығының пікірлерін ескере келе, біз мектептердің қазіргі жазғы, қысқы каникул мерзімдерін өзгерту орынсыз деп санаймыз», - деді жиын барысында вице-министр Е. Иманғалиев. Еске сала кетейік, мектеп оқушыларының жазғы демалыс құрылымын өзгерту мәселесі осыдан бірнеше жыл бұрын, дәлірек айтсақ Бақытжан Жұмағұловтың министрлікке басшылық жасаған уақытынан бері талқыланып келеді. Тіпті, сол кездегі ведомство басшысы әлемдік тәжірибені, каникул мерзімін қысқартудың артықшылықтарын ескеріп, ондай өзгерістерді де жоққа шығармаған болатын. Ал бүгінгі Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов өзінің ұстанымын білдіре келе, Қазақстанда жазғы каникул мерзімдері қысқармайтынын атап өткен болатын.

Автор: Қанат Мәметқазыұлы

Басты сөздер: ҚР Білім және ғылым министрлігі , Парламент , Білім

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More