Күннің бірінші жартысында қазақ тобында Павлодар қаласы №38 жалпы орта мектебінің аға тәлімгері Рахматулина Алма Баязитовна тыңдаушыларға «Балалар сауықтыру лагерьлерінің инновациялық қызметіндегі әлеуметтік-педагогикалық аспектілері. Тәлімгердің педагогикалық стиліндегі тұлғалық-бағдарлау тәсілі» туралы дәріс оқыды. Тыңдаушылар лагерьде балалар демалысын ұйымдастыру, аға тәлімгер жұмысын жүргізу бойынша «Жас Ұлан» ұйымына қатысты бірқатар ақпараттар алды.
Күннің екінші жартысында қатысушыларға Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Кәсіби оқытудың теориясы және әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Байтанаева Майра Амангазиевна «Қосымша білім беру педагогінің жұмысын талдау. Қосымша білім беру ұйымдары әдіскерлерінің алдыңғы қатардағы тәжірибесін қорытындылау және талдау» атты дәріс оқыды.