2014 жылғы 16 қазан М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында өтіп жатқан «Қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік қызмет жұмысының инновациялық жолдары» тақырыбындағы республикалық біліктілікті арттыру курстары өз жалғасын тапты.

Курс тыңдаушылары жоғарғы оқу орындарынан шақырылған мамандардың теориялық және практикалық дәрістерін тыңдады. Қазақ тобына Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты кәсіби оқытудың теориясы және әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Байтанаева Майра Амангазиевна, орыс тобының бірінші жартысында дәріс және тәжірибелік сабақтарды С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті гуманитарлық-педагогикалық факультеті деканының орынбасары, п.ғ.к., доцент Ксембаева Сауле Камалитденовна жүргізсе, екінші жартысында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты кәсіби оқытудың теория және әдістеме кафедрасының п.ғ.д., профессор Алинова Мансия Шарапатовна жүргізді.

