• 17 окт. 2014 г.

Жазғы сауықтыру лагеріндегі Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжіндегі студент-тәлімгерлер

Безымянный.png

Жазғы практиканың қорытындысы бойынша Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің акт залында бітіруші топтарға арналған конференция өтті. Конференцияға әртүрлі мамандықтар бойынша 23 топ студенттері қатысты. Студенттермен бірге конференцияға студенттерді жазғы практикаға алдын ала дайындаған әдіскерлер де қатысты. Қорытынды конференцияның алдында мамыр айында конференция өткізіліп, ол студенттердің практикаға дайындық деңгейін көрсетті. Конференция байқау түрінде ұйымдастырылды.Колледж студенттері қала, ауыл мектептері жанындағы лагерьлерде болумен қатар, облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы жанындағы лагерьде, «Назарбаев зияткерлік мектебінде», «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде, «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік орталығында және республикалық деңгейдегі Маңғыстау облысы, Кендірлі аймағында ашылған «Ақбөбек» балаларды сауықтыру лагерінен практикадан өтті.

1.png

Олар өздерінің лагерьлерде жазғы педагогикалық практиканы өткізу барысы туралы қорытынды есептерін берді. Студенттерге алдын ала 1 апта оқу практикасы өткізіліп, оларға балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін арнайы оқу сағаттары ұйымдастырылып, студенттің «Жазғы практика» портфолиосы дайындалды.«Жазғы педагогикалық практиканы ұйымдастыру» семинарына колледждің «Жайық жастары» педагогикалық жасақ мүшелері, педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі басшылығымен белсенді қатысып, лагерьдегі жұмыстар мен шараларды ұйымдастыру жолдарын көрсетті.

2.png

Практика аяқталған соң студенттер нәтижесі бойынша қорытынды есептерін (презентация), бейнефильм түрінде жасап, портфолио, бұйымдар мен түрлі әдістемелік құралдардан көрме жасақтады. Лагерьдің қызықты сәттерінен көрініс көрсетумен конференцияны әсерлендіре түсті. Жұмыстары әділқазы мүшелері тарапынан бағаланды. Әділқазы мүшелері: М.С.Мұқашев - директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Г.С. Нұрашева - педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі, Р.К. Ильясова -педагогика, психология кафедрасының оқытушысы, А.Б. Сарсенғалиева - педагогика, психология кафедрасының оқытушысы.

6.png

Конференцияның алғашқы бөлімінде студенттердің жазғы практикасы бойынша көрме жұмыстары тамашаланды. Студенттер оқу машығында жинақтаған портфолиолардың практика барысында пайдасы болғанын айтып, лагерь жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті, фотосуреттер, газет, буклет ұсынып, жұмыс нәтижелері бойынша алған мақтау қағаздары мен алғыс хаттарын көрмеге қойды.

3.png

Конференцияның екінші бөлімін «Жайық жастары» педагогикалық жасағының командирі Сүлейменов Дастан жүргізді. Шара «Жайық жастары» педагогикалық жасағының «Зусс» биімен ашылды. Лагерьде атқарған жұмыстары туралы әр топ басшылары есептерін берді, жұмыстарына талдау жасалды, әр студенттің қызметі мен белсенділігіне берілген бағаларын хабарлады. Сонымен қатар, лагерьдегі балалармен жүргізілген жұмыстарын видеороликтер, қызықты сәттері, флэшмоб, ойын, қолөнер, сайыс, би кеші,т.б. түрде көрсетілді.

4.png

Студенттердің балалардың жазғы демалысын шығармашылықпен, белсенді, көңілді ұйымдастыра білгендерін көрсетті. Педагогикалық шеберліктерін жоғары деңгейде ұйымдастыра білгені бізді қуантты.Қорытынды бөлімінде «Жайық жатары» педагогикалық жасақ мүшелері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

3 аКШИ және 4 аРШИ тобы «Волна» өлеңіне флешмоб ұйымдастырды. Әділқазы мүшелері өздерінің қорытынды ой-пікір, ұсыныстарын айтты. Студенттерге балалардың жазғы бос уақыттарын тиімді, шығармашылықпен ұйымдастырғандары колледж директоры

Ш.Х. Құрманалинаның атынан алғыс айтты.Студенттердің жазғы педагогикалық практиканы ұйымдастыру барысы туралы хабарлар облыстық, қалалық, аудандық басылымдарға жарияланды. Атап айтсақ, қалалық «Мой город» (17.06.2014) газетіндегі «Без вожатых никуда» мақаласында 4аРШИ тобының студенті, «Жайық жастары» педагогикалық жасағының мүшесі Балтабаева Балжанның «Назарбаев зияткерлік мектебінде» жазғы практикада болып, шет елден келген әріптестермен қызметтес болғаны және оған шет тілін терең меңгеруге және педагогикалық тәжірибе алмасуға мүмкіндік болғаны туралы жазылды.

5.png

Колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті Н. Қайыржанова лагерьде балалармен бірге «Денсаулығым - байлығым» тақырыбында өткізген шарасын қалалық «Жайық үні» газетінде жарияласа, Ү. Орынғалиева Казталовка аудандық «Ауыл айнасы» газетіне «Біз лагерьге барамыз» айдарымен балалардың жазғы демалысын ұйымдастырғаны туралы өз мақаласын жариялады.

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Махамбеттің жас ұрпақтары

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More