Бүгінгі күн талабына сай өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелер оның тиімділігін және сапасын арттыруды қажет етеді. Қазіргі таңдағы Қазақстандық білім беруді жаңашаландыру білім үрдісін ізгілендіруге, оның тәрбиелік әлеуетін көтеруге себебін тигізеді.

Бүгінде тәрбиелеу үрдісі соншалықты қиын болғандықтан, кез-келген педагог тәрбиеші бола алмайды: педагогтың тәжірибесі және балалармен жұмыс істеуге деген ниеті болғанымен, педагогке арнайы дайындық қажет. 2014 жылғы 19 - 21 қыркүйекте Қарқаралы қаласы «Жасдәурен» Балалар сауықтыру орталығының базасында өткізілген «Балалар бірлестігінің балалар кеңістігіндегі әлеуметтік жүйедегі педагогтың орны және оның рөлі» атты проблемалық семинар өзіндік білім беру алаңы болып табылды. Семинарға Абай, Оскаровка, Ұлытау, Шет, Нұра аудандарының, Қарағанды, Қаражал, Сәтбаев, Теміртау, Балхаш қалаларының сынып жетекшілері, тәлімгерлері, педагог ұйымдастырушылары қатысты. Сондай-ақ, семинарға Ақтөбе қаласы Балалар мен жасөспірімдер сарайының педагогтері, Көкшетау Мемлекеттік Университетінің «Юность» педагогикалық жасағының тәлімгерлері де қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 65 адам.

Осы іс шара шеңберінде қатысушылармен мынадай сұрақтар талқыланды және қарастырылды: «Балалармекемелерінің құзыры және оларды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету», «Мемлекет пен социум тарапынан мектептің тәрбие үрдісіне қойылатын талап», «Балалар қауымдастығындағы педагогтің рөлі мен орны».
Қатысушылар ұжымдық-шығармашылық жұмыстардың ойындарын өткізу, командалық әрекеттестік, сахналық шеберлік, балалардың ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру, Квест-ойындары және т.б. өткізу технологиялары бойынша кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды.
