• 15 окт. 2014 г.

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі кәсіптік колледждер ашылмақ

c4fb95723d3d2ec1b8f5b26ccb23ff6d_L.jpg
Келер жылы Астана мен Алматыда әлемдік деңгейдегі колледждер есігін айқара ашатын болады. Астанада бой көтеретін колледждің құрылыс алаңына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Жүз мың шаршы метр аумақта кәсіптік мамандар дайындайтын 6 мектеп орналасатын болады. Сондай-ақ, студенттер мен ұстаздарға арналған жатақхана да тұрғызылады. Қазір оқу ордасының іргесі енді қаланып жатыр. Дегенмен, мердігер компания ғимараттың бірінші бөлігін келесі жаңа оқу жылына дейін тапсыратындығын айтуда. Оған 2,5 млрд. теңге қаржы құйылған. Екіншісі 2017 жылы тапсырылмақ. Айта кетейік, құрылыс, машина жасау, энергетика, туризм және қонақ үй шаруашылығы саласын бір кісідей біліп шығатын түлектерге халықаралық және қазақстандық үлгiде екi диплом беріледі. Әзірге елімізде мұндай кәсiптiк колледж тек Атырау қаласында ғана бар. Елдана Сәдуақасова, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрайымы: - Оқу ордасының 55 мың шаршы метр аумағында шеберханалар мен оқу ғимараттары орналасатын болады. Ал қалған аумағына студенттер мен мұғалімдерге арналған жатақхана салынады. Қазір көпшілікті құрылыс қарқыны алаңдатып отыр. Бірақ бізге құрылыс компаниясы ай сайын есеп береді. Сондықтан барлығы өз уақытында жүргізілуде. Ақтан Аманжолов, құрылыс компаниясының бас директоры: - Қазіргі таңда колледждің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың тамыз айында бірінші оқу ғимаратын қолданысқа тапсыратын боламыз. Мұнда 130-дан астам құрылысшы жұмыс істеуде. Жұмыс күші де жеткілікті.

Источник: www.24.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

«Алтын жүрек» республикалық байқауының жүлдегерлері

Шымбұлақ " тау шаңғысы курорты"

Әлемдегі ең үлкен ұлттық саябақ

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2019 ж.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More