• 13 окт. 2014 г.

Қарағанды облысындағы балалар мен жасөспірімдердің 2014 жылғы жазғы кезеңдегі сауықтыру демалысын, б

Жазғы сауықтыру маусымды ұйымдастыру балалардың демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын қамтуда қажетті жағдайды жасау, оқушылар арасындағы салауатты өмір-салтын насихаттау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

Қарағанды облысы бойынша 1-10 сынып білім алушыларының контингенті осы оқу жылында 162 мың 848 адамды құрайды, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 3,7% жоғары.

Жазғы кезеңде сауықтырумен 124087 бала мен жасөспірім немесе 76,6 % қамтылды (2013 жылы – 68,2 %).

Сонымен қатар, жазда тамақтанумен және жазғы алаңдармен 116 846 бала немесе 71,7% қамтумен 681 мектеп жанындағы лагері жұмыс жасады (2013 жылы – 59%), оның ішінде:

- тамақтанумен 370 мектеп жанындағы лагері – 73 мың 220 адам;

- тамақтанусыз 311 бейіндік мектеп жанындағы алаңы – 43 мың 626 адам.

1.png

Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру 14 қала сыртындағы сауықтыру лагерінде, оның ішінде 9 жеке меншік және 5 мемлекеттік сауықтыру лагерінде 33 мың 370 бала қамтылды («Солнечный» БСО, «Жасдәурен» БСО, «Ишим» БСЛ, «Салют» БСЛ, «Бригантина» БСЛ).

Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, оларды жұмыспен қамту бойынша:

- ұйымдар жанындағы қала сыртындағы лагерьлерінде демалушы тәрбиеленушілер («Солнечный» БСО, «Жасдәурен» БСО, «Ишим» БСЛ) – 977 адам;

- басқа лагерьлерде демалушы тәрбиеленушілер («Қарқаралы» БСЛ, «Орленок» балалар санаториясы, «Бек-тау» БСЛ, «Алтын чажа» СЛ) – 220 адам;

- қонаққа келген отбасыларға берілген тәрбиеленушілер – 79 адам.

Арнайы мектеп-интернаттарының оқушылары да сауықтырумен және жұмыспен қамтылды:

- мектеп жанындағы лагерінде – 60 адам (психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты);

- облыстың қала сыртындағы лагерьлерінде – 165 адам («Жасдәурен» БСЛ, «Солнечный» БСЛ, «Березка» БСЛ, «Салют» БСО, «Романтик» БСЛ, «Факел» БСЛ);

- өзге аймақтардағы қала сыртындағы лагерьлерде - 27 адам (Ақмола облысындағы «Сұңқар» БСЛ, Петропавловск қаласындағы «Березка» БСЛ, Астана қаласындағы «Рассвет» БСЛ, Ақмола облысындағы «Дискавери», Өскемен қаласындағы «Балақай» лагері);

- ата-аналарымен Қазақстан Республикасының сыртына шығу – 155 адам (Қызғызстан, Өзбекстан, Түркия, Украина, Ресей);

- даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың IX Республикалық «Жұлдызай-2014» шығармашылық фестивалінің гала-концертіне - 7 адам қатысты;

- Великобританиядағы Дүниежүзілік жеткіншектердің IWAS Паралимпиядалық Ойындарына – 7 адам қатысты.

Меморандум аясында «Кредо» қоғамдық бірлестігімен Теміртау қаласындағы қала сыртындағы лагерьлерінде және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тренингтер, сауалнамалар және кеңес беру жұмыстары жүргізілді.

2.png

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа сай жастар мәселесі жөніндегі басқармасы «Детство» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Теміртау қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 50 бала мен жасөспірімдер үшін 2014 жылғы 24 маусым мен 4 шілде аралығында «Бригантина» спорттық сауықтыру орталығында балалардың демалыстарын ұйымдастырды.

Нашақорлықты алдын алу жобасының аясында «Үміт» қоғамдық бірлестігімен «Салют» БСО-да демалған балалар үшін 2 күндік семинар-тренингтер өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту 100% құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары:

- еңбекпен қамту - 89 мың 436 жасөспірім немесе 58,7%;

- шығармашылық жұмыспен қамту – 35 мың 320 бала немесе 21,7%;

- спорттық-туристік жұмыспен қамту - 22 мың 258 бала немесе 13,6 %;

- зияткерлік жұмыспен қамту – 14 мың 052 бала немесе 8,8%;

- халықаралық ынтымақтастық - 10 мың 783 бала немесе 6,6 %.

Кәмелетке толмағандардың бос уақыты мен жұмыспен қамтуын жүзеге асыруда келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- 22 маусым мен 2 шілде аралығында өткен Қарағанды қаласы №101 лицей оқушыларының арасынан жас қозғалыс инспекторларының облыстық слетінің 10 жеңімпазы Өскемен қаласында өткен Республикалық слетке қатысып, III орынды иеленді.

- Бұқаржырау ауданының Ростовка ауылындағы әскери-патриоттық клубтың 12 қатысушысы 2014 жылғы 24-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласы Республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен «Алау» әскери-спорттық ойынының Республикалық финалына қатысып, І орынға ие болды;

- 25-27 маусым аралығында Алматы қаласында Шәкен Аймановтың 100-жылдығына орай өткен І республикалық балаларға арналған өнер (кино) фестивалі өткізілді, оған Қарағанды қаласының, Шет және Бұқаржырау аудандарының балалары қатысты, Қарағанды қаласының №9 гимназиясының оқушысы ІІІ орынды иеленді;

- Қарағанды қаласы №39 гимназияның «Шолпан» үлгілі хореографиялық ұжымы Малайзияда өткен Халықаралық байқауға қатысып, І орынға ие болды;

- 2014 жылғы 14-25 шілде аралығында Белорус Республикасы ТЖМ Гомель инженерлік институт жанындағы Лицей базасында Қарағанды қаласының №4 жалпы білім беретін мектеп-интернаттың кадеттері Белорус Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен және Белорус өрт сөндірушілердің жастар қоғамдық ұйымымен өткізілген Жас өрт сөндірушілердің ХII Халықаралық слетіне қатысып, түрлі бағыттар бойынша бірінші орындарға ие болды;

- қосымша білім беруді сапалы ұйымдастыру және әдістемелік қамтамасыз ету үшін білім басқармасымен және Қарағанды қаласының Балалар мен жеткіншектер сарайының Ресурс орталығымен 13 қыркүйек - 17 мамыр аралығында жоспарға сай «Тәлімгерлер мектебі» атты шығу жұмыстары өткізілді.

14-18 маусым, 22-26 маусым аралығында Қарқаралы қаласында «КВН мектебі» атты тақырыптық жиындар өткізілді. Жиын бағдарламасы – үйрететін тренингтер, шебер-сыныптар, дамытушы және ойын-сауық бағдарламалар, сонымен қатар 180 баланы қамтумен Шайтанкөлге саяхат ұйымдастырылды.

3.png

Бұдан басқа, маусым айында «Жаз» орталығымен Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлескен «Салют» балаларға арналған сауықтыру орталығының және «Таңшолпан» отбасы түріндегі балалар үйінің ұжымымен балалардың демалыс кезіндегі демалысы мен бос уақытын ұйымдастыру бағдарламасының басым бағыттары бойынша оқыту семинары өткізілді.

Балалардың жол-көлік жарақаттанушылығын, судағы қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін ескерту және алдын алу үшін 2014 жылғы 30 маусым мен 25 тамыз аралығында «Безопасное лето» акциясы өткізілді. Акция аясында жұмыс тобымен келесі іс-шаралар жүргізілді:

- суреттер, эссе, әлеуметтік бейнероликтер мен макеттер сайысы, жас қозғалыс инспекторлары жасақтарының, жас өрт сөндірушілердің, жас қорғаушылардың қатысуымен ойын түріндегі құқықтық түсіндіру шаралары;

- жұмыс топтарының Бұқаржырау, Қарқаралы және Осакаровка аудандарына, «Солнечный» балаларға арналған сауықтыру лагеріне, Жетім балаларға арналған Пионер балалар үйіне, «Ишим», «Жасдәурен» балаларға арналған сауықтыру лагерьлеріне, Қарағанды қаласының, Бұқаржырау, Абай, Осакаровка, Нұра аудандарының мектеп жанындағы лагерьлеріне қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушысы;

4.png

- білім басқармасы және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысының ІІД, Қарағанды облысының ТЖД және Теміртау қаласының «Велена» ҚБ, сонымен қатар, жас қозғалыс инспекторлары мен жас өрт сөндірушілер жасақтарының қатысуымен, акция аясында 2014 жылғы 23 шілдеде, 6-7 тамызда Қарағанды қаласының аллеяларының балаларға арналған ойын алаңдарында ойнап жүрген балалар үшін танымдық ойындар бағдарламасы өткізілді. Жас қозғалыс инспекторлары Қарағанды облысының ІІД қызметкерлерінің сүйемелдеуімен жүргізушілерге «Жолда абай болыңдар» тақырыбында «Қауіпсіз жол» парақшаларын таратты.

Бағдарлама шеңберінде түрлі қауіпті жағдаяттарда туындаған жағдайында өзін-өзі ұстау ережесі және әрекет ету тәртібі түсіндірілді, судан қорғау қызметінің қызметшілерімен судағы қауіпсіздік ережесі жайында нұсқама жүргізілді, «Жүректі тікелей уқалау» көрсетілді, «Бағдаршам шырақтары», «Қиылыстан өтіп ал» тақырыптарында көріністер қойылды, жедел қызметтерінің телефон нөмірлерін білу мақсатында ойындар өткізілді.

Сапалы мониторинг жүргізу мақсатында жазғы демалыс кезеңінде жазғы демалысты зерделеу, балалардың жол-көлік жарақаттанушылығын ескерту және алдын алу, судағы қауіпсіздік бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Шілде және тамыз айларында жоспарға сай балалардың денсаулығы мен бос уақытының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар ұйымдастырылды.

Қазан айында білім басқармасының коллегиясы өтеді, онда балалардың 2014 жылғы жазғы кезеңдегі сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтуын қорытындылау мәселесі қаралатын болады.

Қараша айында білім бөлімдерінің мамандарымен, қала сыртындағы лагерьлердің директорларымен, Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің балаларға арналған мектепке дейінгі және білім беру мекемелерін қадағалау бөлімінің бас маманымен «2015 жылғы жазғы компанияны ұйымдастыру және өткізу» іс-қимыл жоспарын әзірлеу жөнінде жиналыстар өткізу көзделіп отыр.

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу

Алматы облысында өнер мектебі ашылады

«Бірінші: Гагарин және Куба» онлайн Халықаралық фотокөрмесі

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2021 ж.

РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары
РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

30.png

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More