• 13 окт. 2014 г.

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУЛЫҚТАР ТАПШЫ

a61e9b69da6e2bdea70d3503f581d53b_L.jpg

Мектеп оқушылары оқулыққа жарымай отыр. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай, Ақмола облыстарында бұл мәселе толық шешімін таппаған. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. «Ағаттық жұмысты жүйелі атқара алмаған жергілікті атқарушы органдардан кетті», - дейді министр. Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі: - Бүгінгі күні Астана, Алматы қалалары, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары оқулықпен толық қамтамасыз етілді. Ал Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай және Ақмола облыстарында әлі де мәселелер бар. Министр айтқандай емес, мәселе көп болып шықты. Біріншіден, жергілікті билік оқушылардың санын анықтап, дер кезінде қаржы бөлмеген. Осының салдарынан Республика бойынша оқулықтарға қажетті сұраныстың 3,6%-ы қаржыландырылмай қалған. Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары: - Дұрыс жоспарланбаудың нәтижесінде облыс бойынша 13 млн. теңгені қосымша бөліп, 19 мың данамен оқулықтар сатып алынды. Бюджеттің қаражаты бөлінбеу салдарынан кітаптар кешігіп келді. Екінші мәселе оқулықты мектепке жеткізу жүйесінде кемшілік бар. Министрдің айтуынша, жеткізіп берушілер әртүрлі жүйемен жұмыс істеген. Бірі мектепке дейін толық жеткізсе, енді бірі тек облыс, не аудан орталықтарына дейін жеткізген. Осы орайда комитет төрайымы Дариға Назарбаева өңірлердегі мектептерге оқулықтарды жеткізу мәселесін «Қазпошта» АҚ-ға беру керектігін көтерді. Бұл ұсынысты «Қазпошта» АҚ басшылығы қуана қабылдады. Бағдат Мусин,«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы: - Біз мектептерге дейін оқулықтарды жеткізуді қамтамасыз етуге дайынбыз. Бізде 1637 бірлік автокөлік, 54 пошталық вагондар, ірі габаритті жүк тасымалдайтын қызметтеріміз де бар. Сондықтан да біз бүгінгі таңда оқулықтарды мектепке дейін қамтамасыз етуді толық жүзеге асыра аламыз. Сонымен қатар палата вице-спикері Дариға Назарбаева Мектептердегі оқулықтың баламалы түрінен бас тарту туралы мәселе көтерді. Өйткені қазір бір пәнге бірнеше кітап, ата-ана мен мұғалім қайсысын аларын білмейді. Соның барлығын біріктіріп, бір пәнге бір оқулық шығару керек деді. Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары: - Бізге қосымша, баламалы мектеп оқулықтарын енгізгенімізге он жылдан асқан жоқ па? Осы он жылда неге жеттік? Біріншіден, біз логистиканы бетімен жіберіп алдық. Екіншіден, бұл оқулықтардың сапасы сын көтермейді, саны көп болғанымен сапасы жоқ. Қаптаған оқулық болғандықтан, мұғалімдердің өзі тіпті кейде қай оқулықпен оқытуды білмей дал болады. Демек, бұрынғы жүйеге оралған жөн болар, әрбір пәнге бір ғана оқулық болсын. Сонда ешкімнің де басы қатпайды. Сондай-ақ депутаттар баспаханадан шыққан бiр оқулықтың құны 900 теңге болғанымен, дүкен сөрелерiнде олар 40% қосымша құнмен сатылатынын айтты. Палата вице-спикері баспа басшыларын орындарынан тұрғызып, бұның себебін сұрады. Ерлан Әбенұлы, «Мектеп» баспасының басшысы: - Оқулықтардың бағасының жасалуы бiрнеше мәселеге тәуелдi. Ең алдымен қағаз, полиграфиялық материалдар, полиграфия шығындары, тасымалдау мен жалпы шығындар. Полиграфиядағы бiр оқулықтың бағасы бiздiң жағдайымызда оның таралымына тәуелдi. Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары: - Менің ойымша, баспа орындарымен алдын ала келісім жүргізіледі. Олар кітапты өздері нарыққа шығарады. Ал біздің халық мейірімді, барып сатып алады. Осылайша, баспа орындары қосымша табысқа кенеледі. Нақтырақ айтқанда жылына 50 млн доллар табыс табады екен. Жиын соңында ҚР Білім және ғылым министрі 2015 жылы мемлекеттік қаражат есебінен мектептерді оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен толықтай қамтамасыз етеміз деп уәде берді.

Авторы: Жандос Жұмабек

Источник: www.24.kz

  • новости каз

Недавние посты

Смотреть все

Өзін-өзі басқару үйлестірушілерімен онлайн кездесу

Алматы облысында өнер мектебі ашылады

«Бірінші: Гагарин және Куба» онлайн Халықаралық фотокөрмесі

Байланысымыз:

 

Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) -8 (7172) 64-27-08.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлім-8 (7172) 64-27-23.

Туристік-өлкетану, экологиялық-биологиялық бағыттағы бөлім-8 (7172) 64-27-24.

Ғылыми-техникалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-22.

Көркем-эстетикалық бағыттағы бөлім- 8 (7172) 64-27-32.

Әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бөлім - 8 (7172) 64-27-31.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-27-20.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО БжҒМ 2021 ж.

РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары
РҚББОӘО-ның жұмыс жоспары

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК

РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования»

Министерства образования и науки Республики Казахстан

30.png

KZ

RUS

ENG

  • Бастапқы бет

  • Орталық туралы

  • Заңнама

  • Орталық қызметі

  • Баспасөз қызметі

  • Зияткер

  • More