Ақтөбеде үш ауысымды мектептер саны азайып келеді. Қала іргесіндегі Заречный-4 елді мекенінде1 мың орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасы заманға сай мәдениет, спорт залдары, информатика, лингофон, физика, химия кабинеттері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Шеберхана мен кітапхана да бар. 300 орынды асхана да талапқа сай. Шаһарда осыған дейін 6 мектепте оқушылар үш ауысыммен оқып келген еді. Енді мәселенің түйіні тарқады. Облыста биыл тағы 2 жаңа мектеп пен 2 балабақша іске қосылады. Ал келер жылы 6 жаңа мектеп ашу жоспары бар. Гүлдана Баширова, ата-ана: - Жаңадан мектептің ашылып жатқанына өте қуаныштымыз. Менің төрт балам бар. Екі балам мектеп жасында. Болашақта осы қалған екі балам да осы мектепте білім алып шығады деген ойдамын. Жанат Самұратова, Ақтөбе облыстық білім басқармасының жетекшісі: - Қазіргі күні біздің облысымзда 17 мектеп салынып жатыр. Енді жыл аяғына дейін әлі де біз 4 мектеп санын іске қосамыз. Источник: www.24.kz